13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫЛЫҚ БАЛАЛАР «ТАУ ШЫҢЫ», «БІРКӨЛІК ШАТҚАЛЫ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ ДЕМАЛУДА

10 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫЛЫҚ БАЛАЛАР «ТАУ ШЫҢЫ», «БІРКӨЛІК ШАТҚАЛЫ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ ДЕМАЛУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, жалпы білім беру ұйымдарына, 9-15 жас аралығындағы әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, атаулы арнайы көмек алатын, арнайы есепте тұратын, үздік оқушылардан 1000 оқушыны қала сыртындағы лагерлерге қамту жоспарланса, қазіргі таңда Шұбарсу ауылында орналасқан жалпы білім беру ұйымдарынан 270 оқушы Төлеби ауданында орналасқан «Тау шыңы», «Біркөлік шатқалы» жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуда. Осы жылдың 3- тамызына дейін жоғарыда аталған жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар толық қамтылады.
Тау бөктерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагерлеріне барған оқушылардың жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі, қуанышты.

Жаз айлары — мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дұрыс пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу, тыныға жүріп, түрлі бағыттағы іс — шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты.

Биыл жазғы лагерьлерде жалпы 2 000 баланы қамту жоспарланған. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына тегін жолдама ұйымдастырылған. Балалар күнделікті 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 10 күндік демалыс кестесіне сәйкес жоспар бекітіліп, балалардың уақытын тиімді өткізу басқарма тарапынан бақылауға алынған.

Previous Post

Түркістанда Халықаралық Еуразиялық білім кәсіподақтары бәрлестігінің XV форумы өз жұмысын бастады

Next Post

Шымкентте «Оңалту орталығы» халықаралық талапқа сай күрделі жөндеуден өтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі