13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақтан шыққан өнертапқыш

19 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Созақтан шыққан өнертапқыш
Share on FacebookShare on Twitter

Айта кетсек, Түркістан облысы, Созақ ауданы Жуантөбе елді мекенінің тұрғыны Бағдат Лақбаев бұған дейін «Электронды бесік» пен «Жылжымалы киіз үй» ойлап тауып, жұртшылықтың назарына іліккен болатын.

Жалпы, тарихта өнертапқыштың еңбектері не үшін жоғары бағаланады? Себебі олар адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін жеңілдететін қажетті дүниелер ойлап табады. Бүгінде Бағдат Ибаділдәұлы Созақ ауданындағы «Жуантөбе» мұнай айдау станциясында электр газбен дәнекерлеуші болып жұмыс істейді.

Бағдат ойлап тапқан ерекше туындыларда қазақ халқының болмысы мен дүниетанымының элементтері сақталған. Мұнайды құбыр арқылы тасымалдау саласында еңбек етумен қатар бос уақытында тың дүниелер ойлап тауып, ізденуін тоқтатпай келеді.Электронды бесік туралы қысқаша айта кетсек, баланың жылаған даусы 75 децибелге жеткен кезде автоматты түрде жарық қосылып, бесік жыры қосылып, өздігінен тербеле бастайды. Тіпті флешкаға баланың анасы өз дауысын жазып қойса да болады дейді созақтық өнертапқыш. Айтуынша, бала өз анасының дауысын тез таниды әрі жұбанады. Сондай-ақ, егер бөлме суық немесе ыстық болса сәбиді қалыпты температурада ұстап тұратын арнайы тетігі бар. Лақбаев бұл өнертабысын үй шаруасынан қолы тимей жатқан аналарға арнап жасағанын айтып өтті.

Өнертапқыш бастапқыда мұндай дүниелерді басқалар да ойлап тауып, жасай алады деген ойда болыпты. Алайда тың дүние жасар кезде ізденістің күрделене беретіндігіне көзі жеткен. Сондай тың да күрделі дүниелерінің бірі – «Жылжымалы киіз үй», оны көктемде наурыз мерекесінде, далада өтетін ойын-сауық кештері мен ауыл тойларында және сахна ретінде де пайдалануға болады. Автор бабалардан мұра болып қалған киіз үйді заманауи үлгіге көшіріп, қолданысқа ыңғайлы еткен. Айталық, екі қабатты, түгелдей жарықтандырылған, жылдың барлық мезгіліне жарай береді. Қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайды, көлікпен кез келген жерге жеткізіп, орналастыруға да қолайлы. Екіншіден киіз үй тез жиналып, жылдам құрастырылады. Электр энергиясын қажет етпейді әрі жарықты күннен алатындықтан арнайы электргенераторлар орнатылады.
Нәрестені жылағанда жұбататын бесіктен бөлек, Бағдат басқа да тың жобаларды жасап шығарған. Соның тағы бір дәлелі, гараждарға арналған электронды қақпа (есік). Аталған қақпаны өнертапқыш бүгінде өз үйіндегі гаражында пайдалануда. Автоматтандырылған қақпа арнайы пультпен басқарылады. Көлік гаражға кіргеннен кейін белгіленген сызыққа дейін жүреді, сосын арнайы шам жағылып, қақпа өздігінен жабылады. Егер ол сызыққа дейін жетпесе немесе көлік теріс қойылса қақпа жабылмайды. Қатаң тәртіп міндетті түрде сақталуы шарт. Ал төтенше жағдай болып өрт шықса, қақпа өздігінен ашылады. Сондай-ақ бөгде біреу ашпақ болса дереу дабыл белгі береді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ «АЙБЫНДЫ АУЛА» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ГРАН-ПРИ ИЕЛЕНДІ

Next Post

Түркістан: Ұлттық құрылтайға жиналған ғалымдар мен сарапшылар елдегі маңызды мәселелерді талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі