13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕ МЕН ТЫҢ ЖОБА: ЕРІКТІЛЕР ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ БАСҚОСТЫ

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӘЖІРИБЕ МЕН ТЫҢ ЖОБА: ЕРІКТІЛЕР ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ БАСҚОСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында волонтерлер жазғы мектепте басқосты. Қаланың жоғары және орта оқу орнынан келген 100-ге жуық ерікті екі күнге созылатын іс-шарада белгілі тренерлердің қатысуымен «Soft skills» тұлғалық қабілетті дамыту, мобилография шеберлігі мен «Еріктілердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырды. Еріктілер өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобаларымен бөлісті.

Бұл іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен биыл үшінші рет өтіп отыр. Волонтерлер осы мектепте алған білімдерін практикалық тұрғыда шыңдайды. Бүгінде қаламызда 15 мыңға жуық волонтер және 12 волонтерлік және қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді. Олардың дені жоғарғы оқу орындарының жастары.

–Мемлекет басшысы «Волонтерлік нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер» деп атап өтті. Қазіргі таңда ерікті жастардың атқарып жүрген игілікті істері өте көп. Кез келген жұмысын алып қарасақ, мемлекеттік қызметті атқарғанмен пара-пар. Сіздердің ел дамуы жолында атқарған қызметтеріңізге алғыс білдіремін, – деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ 50 БИЗНЕС ЖОБА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

Шымкентте «Тюльпан» фильмінің көрсетілімі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі