13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

12 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның тәуекелдерін жою жөніндегі мәжіліс өтті. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, алдын алу жұмыстарын ширату және өзге де мәселелер талқыланды. Мәжілісті Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов жүргізді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев өңірде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілгеніне тоқталды. Әкімдіктер мен жалпы мемлекеттік қызметшілерге ел алдындағы міндетті абыроймен атқару керектігін айтты. Пара беруші де, пара алушы да қатаң жазаланатынын жеткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды, тіркелген қылмыстарды баяндады. Бірінші басшыларға жемқорлық тәуекелдеріне шынайы талдау жасап, күресті күшейтуді ұсынды.
– Біздің органның басты ұстанымы – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жұмыстарға барлық мемлекеттік органдардың белсенді қатысуы маңызды. Сондықтан әлеуметтік дертпен күресуде сіздерді де белсенді болуға шақырамын. Жемқорлыққа қарсы саясат 3 негізгі кешенді бағыттан тұрады. Олар: халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және қылмыстық тергеп-тексеру. Дер кезінде алдын алмасаңыздар, жемқорлық салдарлары көптеген адамның жарқын келешегіне балта шабуы әбден мүмкін.
Талдау көрсеткендей, кейбір мемлекеттік органдарда жемқорлық жағдайы мақтанарлық емес. 2023 жылдың І жартжылдығында Департаментке call-орталығының 1424 нөмірі арқылы 21 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 2 хабарлама сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген. Осы call-орталығына нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлауға болады. Қоңырау шалу тегін, әрі құпия. Ескерте кетейін, бұдан былай, сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша ашық режимде өтетін сот отырыстарына күдікті деп танылған азаматтың әріптестерін қатыстыру тәжірибесі қолданылады. Сондықтан, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдірілген қызметті адал атқаруды сұраймын, – деген Ержан Жүнісов жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу керектігін де атап өтті.
Зерделеу көрсеткендей сыбайлас жемқорлық деректері әлеуметтік қорғау саласы, жер қатынастары, ішкі саясат, білім беру саласы, тұрғын үй саласы, құрылыс және денсаулық сақтау салаларында тіркелген.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов осы мәселеге қатысты өз ұсынысы мен пікірлерін білдіріп, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларын қызметті адал атқаруға, заңсыздыққа жол бермеуге шақырды.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары осы бағытта нақты жоспар түзіп, жұмысты жандандырыңыздар. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау бағытында облыс әкімдігі жанында комиссия бар. Осы комиссияның жұмысын күшейту бағытында сыртқы және ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныс беруді тапсырамын. Екіншіден, мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін қатаң сақтау қажет. Сенім артқан елдің үмітін ақтау – міндетіміз, – деді аппарат басшысы.
Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстары бойынша аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының есептері тыңдалды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

«Мейірім - жүректен»: Шымкентте оқушыларға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Next Post

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ «3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі