13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық ұстаз қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасап шығарды

10 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістандық ұстаз қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасап шығарды
Share on FacebookShare on Twitter

Жадыра Байдалы №11-ші Түркістан колледжінде қызмет атқарады. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пәннен студенттерге сабақ береді. Жас ұстаз бос уақытанда кәсіппен айналысқанды құп көреді. Тіпті педагог эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

Жадыраның жасап жатқан қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отқа дайындалады және оның құрамы өзгермей табиғи құндылығын сақтайды екен. Сонымен қатар, бұл балмұздақтың дәмі де өзгеше. Ең бастысы — сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы болфп саналады. Бұдан өзге, құрамындағы дәрумендер табиғи иммундық қасиеттерге ие екен.

Түркістандық ұстаздың айтуынша, жаңа жобаның мақсаты – ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу болып табылады. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы – отта дайындалады және оның құрамы өзгермей, табиғи құндылығын сақтайды.

Қы­мыз­дың өзі сұранысқа ие өнім болғаны­мен бал­мұздағы нарыққа енді-енді ғана шықты.Балмұздаққа сұраныс жазда ғана болғандықтан, үш-төрт айдың ішінде көпшілікке ұсынып қалуға тырысады.

«Жаңа жобаның мақсаты – қымыз балмұздағының биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», — дейді ол.
Сонымен қатар ұстаз емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

Previous Post

Шымкентте көпфункционалды қойма кешені салынып жатыр

Next Post

Түркістанда Халықаралық Еуразиялық білім кәсіподақтары бәрлестігінің XV форумы өз жұмысын бастады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі