13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ АЯСЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ АЯСЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің рухани астанасында өтетін Ұлттық құрылтай аясында «Білім және ғылым» жұмыс секциясының отырысы өтті. Оған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Кездесуде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру, оның ішінде ауыл мектептерін дамыту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, білім беру сапасын арттыру және басқа да мәселелер қаралды.
«Министрлік білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Маңызды міндеттердің бірі — білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мықты кадрларды іріктеу және даярлау жөніндегі бағдарлама әзірленуде. Жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жоспарлануда. Биыл 1-ші қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарындағы педагогтердің жалақысы 30%-ға көтеріледі. Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға арттырылды, келесі жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізіледі. Ауыл мектептерін дамыту, заманауи жабдықтармен жарақтандыру және ауыл педагогтерінің құзыретін арттыру жөніндегі бағдарлама әзірленуде. Жаңа оқу жылында ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиада іске қосылады», — деді Ғани Бейсембаев.

Жұмыс секциясы барысында қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты. Айта кетейік, Ұлттық құрылтай отырысы 17 маусымда Түркістан қаласында өтеді.Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын. Алқалы жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.

«Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Ал, қазір Ұлттық құрылтайдың басталуына санаулы ғана сағаттар қалды. Жиынға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланған.

Құрылтай өтетін алаң қазақтың 12 қанатты киіз үйі тәрізді безендірілген. Әр аймақтан жиналған түрлі сала өкілдері кеше Түркістанға келіп, алғашқы секциялық жұмыстарға қатысты. Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «1000 МЕКТЕП» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: «Қазақстанның үздік тауары - 2023» конкурсының іріктеу кезеңі басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі