13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫН ИЕГЕРІ АТАНДЫ

13 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫН ИЕГЕРІ АТАНДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Көк байрағымызды әлемдік спорт ареналарында биік ұстап жүрген саңлақтарымыз аз емес. Олардың жеңісті жолдары өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ғана емес, сонымен бірге ел тарихының сүбелі бір тармағы болып табылады.

Осындай өнегелі де жеңісті жолды жалғастыра білген Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Назарбаева Меруерт Қырғыстан Республикасы, Бішкек қаласында 17 жас арасында өткен Азия чемпионатында 73 келі салмақта жүлделі III орынды иеленді.

Меруерт 2021 жылдың 13-15 сәуір аралығында Орал қаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әйелдер күресінен 2004-2006 ж.т., 2007-2008 ж.т. және 2009-2011 ж.т. қыздар арасында ашық аймақтық турниріне 75кг салмақта өнер көрсетіп, жүлделі І-орынға, Шымкент қаласында еркін күрестен «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына» және «Қазақ халқының даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына» арналған республикалық турнирде жүлделі І орынды, 2006-2007ж.т. кіші жасөспірім қыздар арасында Қазақстан республикасының Чемпионатында ІІІ орынға қол жеткізді.

2023 жылдың наурыз айында Талдықорған қаласында өткен, Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен бүкіләлемдік кіші жасөспірімдер мен жастар арасында ҚР чемпионатында 73 келі салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы атанса, Семей қаласында өткен, еркін күрестен 17 жасқа дейінгі чемпионатына қатысып, 73 келі салмақта Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы атанып, жастар арасында өтетін Азия чемпионатына жолдама ұтып алды.

Меруерттің жеңісі, еліміздің жеңісі. Оқушымызға сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта бұдан да биік шыңды бағындырып, Әлем чемпионы болатынына сеніміміз мол.

Previous Post

КЕҢЕСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН ЗЕРДЕЛЕУ ТЕСТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 4 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі