13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті

27 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кездесу барысында міндеттерді сапалы және кешенді іске асырудың негізгі тәсілдері талқыланды. Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жалпы медиацияның дамуы, яғни даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында азаматтардың ымыраға келуге дайындығы қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды белгілерінің бірі. Кездесу барысында осы тұрғыда қойылған міндеттерді сапалы және кешенді іске асырудың негізгі тәсілдері талқыланып, алдағы III- тоқсанға жоспарланған Этномедиация курсы бойынша пікірлер айтылды.

Айта кетейік, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Қарабастау тұрғын алабының ауыл билері және жергілікті тұрғындардың катысуымен кездесу өткізілді. Жалпы, елдің біртұтастығы әрбір қазақстандық үшін аса қажетті мәселе. Халқымызда «Бірлік болмай тірлік болмайды» деген сөз бар. Осы сөзді ұраны етіп ұстанған қарабастаулық этнос өкілдері жастарын үнемі тәрбиелеуде екендігін айтып отыр.

Кездесуде жастар арасында отансүйгіштік, тәрбие, әскери борышты өтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру сынды мәселелер кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, Шымкентте қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің қатары көбеюде. Жақында этнос өкілдерінің арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» атты байқауда қазақшаға судай бірқатар өзге ұлттың жастары таңдай қақтырды. Әсіресе, Ш.Құдайбердіұлының шығармасын жатқа оқыған N42 орта мектептің 8 сынып оқушылары Дильмуратова Маржона, Ахматкулов Асылбек пен N23 мектептің 9 сынып оқушысы Галимов Шамиль қазақша мүдірмей сөйлеп, өз ойларын бүкпесіз жеткізді. «Тілге құрмет – елге құрмет» — демекші тіліміздің мерейін көтеру, оны білу әрбір Қазақстандық азаматтың парызымыз. Осыған сәйкес, еліміздегі этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілді барынша меңгеруі, оның даму аясын одан сайын арттыра түспек.

Сондай-ақ, бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту қолға алынған. Қазақ тілін оқытудағы ең тиімді тәсіл – тіл дамыту әдісі. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері сөздік жұмысы, жаттығуларды жазбаша және ауызша орындау арқылы дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Previous Post

Түркістан облысында жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 9 мектеп салынып жатыр

Next Post

ТӨЛЕБИ: ОҚУШЫЛАР «ҚУАНЫШ» ЛАГЕРІНДЕ ДЕМАЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі