13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Балаларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

27 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Балаларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.​ Шымкент қаласында бассейнге барған балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қазір жаз маусымында балалардың үш ай жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысына орай серуендеу және шомылу уақыты. Яғни теңізде, бассейнде, су айдынында шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керектігін ескергеніміз жөн. Осы мақсатта Қаратау ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасымен бірге аудан аумағындағы бассейн аймағы бар нысандарды аралап, балаларға суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік және жазатайым оқиға орын алған сәтте алғашқы көмек көрсету ережелерін кеңінен түсіндірді.

“Ыстық күні суға түсу қауіпті, бұл жүректің тоқтауына және естен тану қаупіне әкелуі мүмкін. Балалар немесе ересектердің су астында қарсылас ретінде аяғынан ұстап тартып, ойын ойнау бұл өте қауіпті. Шын мәнінде оқыс оқиғаға орын алуы мүмкін. Ал ешқандай қауіп-қатер туындамаса, жалған дабыл көтеріп, суға батып бара жатқандай көрініс жасаудың қажеті жоқ. Себебі шын қауіп туындаған кезде сізге сенбей қалуы мүмкін. Бұл ережелерді суға шомылушы әрбір бала білуі тиіс”, — дейді аудандық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдері.

Еске сала кетейік, аудан және аудандық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы кезеңде қала аумағындағы шомылу және демалу орындардағы жүзу бассейндері мен ашық су қоймалары суының сапасына және орталықтанған су құбырынан алынатын жүзу бассейндерінен зертханалық зерттеулерге сынама алумен мониторинг жүргізеді. Осы ретте маусымдық шомылу кезеңінің басталуына байланысты түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында мониторинг бойынша осы жылдың маусым айында су айдындарындағы судың сапасына бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін 13 сынама, санитариялық-химиялық зерттеулер үшін 9 сынама, тырысқақ ауруына 84 су сынамасы алынды. Сынама алынған орындардың барлығы санитариялық нормаларға сай келеді.

Previous Post

Биыл Шымкентте жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға беріледі

Next Post

Түркістан облысында жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 9 мектеп салынып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі