ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен Түркістан облысынан 10 өнерлі, дарынды, спортшы оқушылар мен 2 жетекші Ташкент облысы, Бостандық ауданына Өзбекстан Республикасында «Достық балалары» ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің XVIII Халықаралық мәдени-білім беру форумына жіберілді.
Форумға елімізден бөлек, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларуьс және Ташкент сынды 8 мемлекеттің оқушылары қатысты.
Балалар Республикалық «Семург» атты жыл бойына жұмыс істейтін лагерге орналасты. Лагерде балалар үшін барлық жағдай жасалған. Лагерде күнделікті өтетін іс-шаралар бағдарлама бойынша түзілген. Ең бастысы, әр мемлекеттің таныстырылуын 8 күнге бөліп, 1 күнді әр мемлекетке арнаған.
«Қазақстан күні» таңғы жаттығудан басталды. Балалар жаттығуды қазақтың «Қара жорға» биіне билеп, қазақтың әндерінен түрлі қимылдар жасатып, соңы флешмобқа айналды.
Презентация Қазақстан Республикасының ән ұранынан басталды. Әрі қарай өзге мемлекеттерді Жаңа Қазақстанымыздың тарихымен таныстырды. «Жаса Қазақстан» әнін орындаған Дидар Қалыбай көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» деп ақын Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, домбыраның шығу тарихымен таныстырды. Абдіқадір Нүркен «Адай» күйі мен «Молдабайдың» термесін жоғары дәрежеде орындап берді.
Республикамыздың барлық қалалары салынған суреттерден мольбердтер қойылды. Ұлттық қолөнерімізден көрме, ұлттық тағамдар көрмесі (бас, қазы, қарта, қымыз, бауырсақ, шелпек, тәттілер) қойылды. Қыздарымыз бен ұлдарымыз қазақтық ұлттық киімдерінен дефиле көрсетіп, мың бұралған биіне риза болды.
Сонымен қатар, қазақтың ұлттық «Сақина салу» мен «Орамал тастау» ойындарын ойнағанда 7 мемлекеттен келген бүлдіршіндер қызығушылық танытып, оқушыларымызбен бірге қосыла ойнады.