13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

26 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай журналистермен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Шаһар басшысы қоғаммен кері байланыс орнатудағы БАҚ-тың рөліне тоқталып, журналистердің қаланың дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

—Билік пен халықтың арасын байланыстырып, біздің назарымыздан тыс қалып жатқан өзекті мәселелерді көтеріп, олардың оң шешімін табуына үлес қосып келесіздер. Инвесторлар бір қалаға қаржы салу туралы шешім қабылдайтын кезде ол қала туралы БАҚ-та не жазылып жатқанына қарайды. Журналистер шаһардың оң имиджін қалыптастырса, инвесторлардың да сенімі артады. Биыл Шымкент қаласының экономикасына 721 миллиард инвестиция құйылып жатыр. Демек, ақпараттандыру жұмысын дұрыс жүргізу арқылы Сіздер де қаламыздағы инвестициялық ахуалдың жақсаруына үлес қосып келесіздер, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, атаулы мерекеде өңіріміздегі бірқатар журналистер Шымкент қаласы әкімінің арнайы номинацияларымен марапатталды. «Үздік мерзімді басылым» номинациясы — «Өзге пікір» ақпараттық-сараптамалық, құқықтық апталық газетіне берілді. Газеттің бас редакторы Молдабек Шадияр Мекенбайұлы. «Үздік мерзімді басылым тілшісі» номинациясы – «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Құлжанов Айдар Сайлауұлына тапсырылды.

Ал, «Үздік телебағдарлама» номинациясымен «Айғақ» телеарнасының «Саяхат сұқбат» телебағдарламасы марапатталды. Жоба жетекшісі Наушабаева Ұлжан Қасымжанқызы.

Сондай-ақ, «Үздік теле жүргізуші» номинациясына «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі Сарман Лаура лайық деп танылды. «Үздік ақпараттық портал» номинациясы – «Ара 24» ақпараттық порталына беріледі. Шеф-редакторы Әмірбек Батырхан Ерсұлтанұлы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырушы» номинациясы – «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Попкова Екатерина Владимировнаға тапсырылды.

«Үздік ақпарат таратушы» номинациясы – «Элитар» ақпараттық порталынан Турсуметова Саидаға беріледі.

«Жаңалықтар жаршысы» номинациясына – «Отырар» телеарнасының тілшісі Усупалиева Көркем лайық деп танылды.

Ал, «Қайырымды тілші» номинациясы – «Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі Қалмахан Ғани Беркінұлына берілсе, «Обьектив» номинациясымен «Хан тв» телеарнасының операторы Семенов Антон марапатталды.

Мұнан бөлек «Қазақстанның құрметті журналисті» атағы – Ералы Сенбек Құттыбайұлына берілді.

Previous Post

Шымкентте БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

Next Post

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі