13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ЖАСТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

26 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ЖАСТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Арыстың айбынды жастары жуырда Қарағанды облысы, Спасск қаласында еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының әскери-патриоттық клубтарының қатысуымен өткен «Айбын – 2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Түркістан облысының намысын қорғап, жүлделі ІІI орын иеленген болатын.

Бүгін Арыс жұрты «Айбын-2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ІІI орын иегерлері «Арыс» құрама командасын салтанатпен күтіп алды.
Күтіп алу шарасына қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, Арыс қалалық Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының басшысы Мөлдір Сарыпбекова мен орталық қызметкерлері, ардагерлер және жас жеңімпаздардың туған-туыстары қатысты.
Салтанатты шарада қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков құттықтау сөз сөйлеп, шынайы лебізін білдірді.
«Арыс елі ақын-жыраулармен қатар, елін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлар да шыққан қасиетті мекен. Бабалардан бастау алатын батылдықтың сара жолы өскелең ұрпаққа өнеге. Бүгінде Арыстың айбынды жастары халықаралық әскери-патриоттық жиында жалпы командалық есепте жүлделі IІІ орынды иеленуі соның дәлелі. Жеңімпаз жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз!» — деді.
Жас патриоттарды айтулы жеңістерімен тағы да құттықтаймыз! Алға, Арыс елінің айбынды жастары!

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Шымкенттің намысын қорғаған жастар жарады

Next Post

Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі