13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі «Жас Ұлан» мектебін биыл 129 түлек тәмамдады

26 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі «Жас Ұлан» мектебін биыл 129 түлек тәмамдады
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполистің «Астана» алаңында Кеңес Одағының Батыры генерал С.Рахимов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 129 түлегі жалпы орта білім туралы аттестат алды. Алаңға ұландар мен олардың ата-аналары, оқытушылары, сондай-ақ гарнизонның әскери қызметшілері, ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен құрметті қонақтар жиналды.

Саптық тексеріс пен баяндама жасалғасын, мектеп бастығы полковник Пернехан Орынбеков, оқытушылар мен оқушылардың ата-аналары балалардың өмір жолына басып жатқан алғашқы қадамдарына қолдау көрсетіп, жылы тілектерін білдірді.
Полковник Орынбеков жеке құрамды мектепті бітіруімен құттықтап, өткен оқу жылының оң нәтижелерін атап өтіп, барлығына алдағы өмірде табыс тіледі.
— 37 жыл бойы біздің мектеп Отанның ең үздік ұлдарын, болашақ және бүгінгі Отан қорғаушыларды шығаруда. Жыл сайын біздің түлектер Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК, ТЖМ және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түседі. Мен барлықтарыңызға бейбіт аспан тілеймін. Сіздер Отанымызды қорғауға әрқашан дайын екендеріңізге берік сенемін, — деді Пернехан Басарбекұлы.
Қонақтардың құттықтау сөздерінен кейін салатанатты шара ұландардың орындауындағы қоштасу вальсімен жалғасты. Ал гарнизонның әскери қызметшілері көрермендерге армияның қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін көрсетсе, әскери оркестр заманауи және дәстүрлі әуендерін тарту етті.
Салтанатты шара соңында түлектер, мектеп басшылығының алдында салтанатты саптық шерумен өтіп, осы сәт үшін алдын-ала жинаған тиындарын аспанға лақтырды, бұл олардың болашағының жарқын мансабын білдіредтін дәстүрлердің бірі.
Кеңес Одағының Батыры генерал С.Рахимов атындағы бүгінгі «Жас ұлан» республикалық мектебі жалпы орта білім беру бағдарламасын іске асыратын оқу орны болып табылады. Ол оқыту мен тәрбиелеуді сапалы ұйымдастыру, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған. Оқу бағдарламасына мемлекеттік және шет тілдері, әскери және дене шынықтыру пәндері бойынша сабақтар кіреді.
Айта кетсек, «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерін даярлау деңгейі жыл сайын артып келеді. Балалар ұлттық бірыңғай тестілеуден сенімді өтіп, жоғары нәтижелер көрсетуде. Ал түлектердің көпшілігі Отанға қызмет ету мансабын таңдайды. Сондай-ақ, биылғы жылы 102 түлек әскери жоғары оқу орындарына құжат тапсырды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Жас Ұлан»ШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post

Шымкенттің намысын қорғаған жастар жарады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі