13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

23 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл тағы екі жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда. Шымкент қаласында соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге жартысына дейін үкіметтен төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы қарастырылған.

Бұл көмек түрлері кәсіпкерлердің қызығушылығын арттырып, мегаполисте жылыжай шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде. Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерден жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және тағы басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа саудалануда. Биыл тағы екі жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда. Онда 800 тонна құлпынай мен өзге де көкөністер өндіріліп, 30-дан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Айта кетейік, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринариялық басқармасының дерегіне сүйенсек, 2023 жылы құны 1,7 миллиард теңгені құрайтын 2 жылыжай, яғни «Отан агро» ЖШС мен ЖК «Татьяна» кешендерінің жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Аталған жылыжай кешендерінен жылына 800 тонна құлпынай мен өзге де көкөністер өндіріліп, 30-дан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Негізінен қазақстандық нарықта көбінесе сауда сөрелерін импорттық құлпынайлар жаулап тұр. Мамандар бүгінде бұл мәселені шешуде жидек дақылдарының, оның ішінде бақша құлпынайының ассортиментін кеңейту және өнімділігін арттыруда осындай үлкен жобаларды қолға алып отыр. Ірі жобалар арқылы қала халқын отандық өніммен қамтуға мүмкіндік мол. Жылдан-жылға халық саны өсіп отырған Шымкент қаласында егістік алқаптар қысқарып келеді. Сала мамандары алдағы уақытта жылыжай кешенімен бірге мал шаруашылығына басымдық беріледі дегенді алға тартады. Соңғы үш жылда арнайы агроиндустриалды аймақ құрылып, 36 гектарға жылыжай салынды.

Previous Post

Шымкентте 5 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты

Next Post

«Айбын-2023»: Шымкенттік жастар жүлделі оралды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі