13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте құлпынай өсіруге бағытталған жобалар қолға алынады

23 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте құлпынай өсіруге бағытталған жобалар қолға алынады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар. Соңғы жылдары Шымкент қаласында жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Аталған кешендерден жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және тағы басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа саудаланып жатыр. Кәсіпкерлердің бұл салаға қызығуына тағы бір себеп – мемлекеттің қолдауы.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25%-ы мемлекет тарапынан төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге қолдау болып отыр. Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы шеңберінде сатып алынған тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның 50%-ына дейінгісін мемлекет тарапынан өтеу қарастырылған. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринариялық басқармасының дерегіне сүйенсек, 2023 жылы құны 1,7 миллиард теңгені құрайтын 2 жылыжай, яғни «Отан агро» ЖШС мен ЖК «Татьяна» кешендерінің жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Аталған жылыжай кешендерінен жылына 800 тонна құлпынай мен өзге де көкөністер өндіріліп, 30-дан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Негізінен қазақстандық нарықта көбінесе сауда сөрелерін импорттық құлпынайлар жаулап тұр. Мамандар бүгінде бұл мәселені шешуде жидек дақылдарының, оның ішінде бақша құлпынайының ассортиментін кеңейту және өнімділігін арттыруда осындай үлкен жобаларды қолға алып отыр. Ірі жобалар арқылы қала халқын отандық өніммен қамтуға мүмкіндік мол.

Айта кетейік, жылдан-жылға халық саны өсіп отырған Шымкент қаласында егістік алқаптар қысқарып келеді. Сала мамандары алдағы уақытта жылыжай кешенімен бірге мал шаруашылығына басымдық беріледі дегенді алға тартады. Соңғы үш жылда арнайы агроиндустриалды аймақ құрылып, 36 гектарға жылыжай салынды.

Previous Post

СУ САЛАСЫНА БІЛІКТІ МАМАНДАР ҚАЖЕТ

Next Post

Шымкентте жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытында кездесу өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі