13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: №4 емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды

20 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: №4 емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Хирургиялық күндізгі стационар ота жасайтын құрал жабдықтармен және күндізгі төсек орындармен толықты. Шымкенттегі №4 емхана дәрігерлері хирургиялық оталарды енді өздері жасайды. Бұл үшін емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды. Бір ерекшелігі №4 емхана жанынан ашылған бұл хирургиялық күндізгі стационарда амбулаториялық деңгейдегі 60-қа жуық отаның түрі жасалады.

Мұнда дәрігерлер қаладағы өзге де емханадағы пациенттерді портал бойынша қабылдап, хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Күндізгі хирургиялық бөлімшені ашудағы басты мақсат — отаны қажет ететін науқастардың кезек күту мәселесін азайту дейді мамандар. Хирургиялық күндізгі стационар ота жасайтын құрал жабдықтармен және күндізгі төсек орындармен толықты. Сонымен қатар, УДЗ, холтер кабинеттері де жаңартылған. Білікті дәрігер өз қабылдауында науқастардың жүрек, қан-тамырларын тексереді.

Тексеруден өткен соң тиісінше емдік көмек көрсетіледі. Бұл кабинет толық кардиостандартқа сәйкес жұмыс атқарады деп жоспарлануда. Осылайша қалалық кардиология орталығында кезек күтетін тұрғындар саны азаймақ. Айта кетейік, Шымкенттегі онкология орталығында жоғары технологиялық оталар жасалады. Аталған орталықта 2018 жылдан бастап заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен науқастарға инвазивті емес жоғарғы технологиялық операциялар жасау күнделікті тәжірибеге енгізілуде.

Атап айтқанда, кеуде, іш қуысы органдарының қатерлі ісіктеріне жасалынатын кіші инвазивті операциялар саны жыл санап артуда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықта мұндай 115 күрделі операция жасалынған. Қазіргі таңда орталықтың хирургия бөлімшесі Шымкент қаласы бойынша кеуде қуысы патологияларына кіші инвазивті операциялар жасайтын жалғыз орталық. Ал, 2021 жылдан бастап өңештің қатерлі ісіктеріне жасалынатын тораколапароскопиялық операциялар күнделікті тәжірибеге енгізілді. Осы уақытқа дейін мұндай күрделі операциялар республиканың жетекші ғылыми зерттеу институттарында ғана жасалынып келген болатын.

2022 жылы онкологиялық орталықта заманауи бипланды Phillips AZURION-7 ангиографының орнатылуымен науқастрға жасалынатын эндоваскулярлы операциялар саны артуда. Қазіргі таңда бұл құрылғының көмегімен бауыр, бас мойын, жамбас қуысы ісіктеріне шалдыққан науқастарға түрлі деңгейдегі күрделі эндоваскулярлы оталар жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 356 науқасқа эндоваскулярлы операциялар жасалынды. Соңғы 4 жылда мұндай күрделі операциялар онкологиялық дертке шалдыққан 1800 науқасқа жасалды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Next Post

Шымкентте биыл 300-ге жуық көшеге орташа жөндеу жүргізіледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі