13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Тұранда кезекті спорт алаңшасы пайдалануға берілді

21 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Тұранда кезекті спорт алаңшасы пайдалануға берілді
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы аумағы кезекті жаңа спорт алаңшасымен толықты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Аудан аумағына қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесіне ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға тапсырылды.

Спорт – елімізде денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақты өсіріп шығарады. Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Қаламызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады. Биылғы жылы Қаратау ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында балалар ойын алаңшасынан бөлек заманауи үлгідегі 7 ашық спорт алаңдарын салу көзделуде. Сонымен қатар, Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген.

2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Тұран ауданына қарасты Мангельдин көшесінің №40 тұрғын үй ауласында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Алаңшаның құрылысы маусым айының басында басталып, 15 күннің ішінде аяқталды. Тұран ауданында биыл 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек. 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар.

Previous Post

Шымкентте жасөспірімдердің қатысуымен арт-терапиялық семинар-тренинг өткізілді

Next Post

Шымкентке Өзбекстан республикасынан арнайы делегация келді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі