13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарбаздардың туыстары әскери бөлімге экскурсия жасады

19 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Сарбаздардың туыстары әскери бөлімге экскурсия жасады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында осы жылдың көктемінде шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаздардың туыстары мен жақындары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды, онда екі ай бұрын әскерге шақырылған жауынгерлер өздерінің машықтары мен дағдыларын көрсетті.
Іс-шара қонақтарды қарсы алудан және әскери бөліммен танысудан басталды. Трибунадан механикаландырылған бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов сөз сөйледі. Ол қонақтарға офицерлердің, сержанттар мен сарбаздардың бірнеше буынын білім мен батылдық мектебінен өткізген бригаданың даңқты тарихын айтып берді.
— Бригада тарихында Отанға қызмет етудің үлгісі болып табылатын жүздеген сарбаздардың, сержанттардың, офицерлер мен генералдардың тағдырлары жазылған. Біздің бөлімде қызмет еткен немесе қызмет ететін әрбір әскери қызметші борыш пен Отанға адалдықтың нағыз үлгісі болып табылады, — деп қосты подполковник Дастан Мұхамеджанов.
Қонақтарға казармалар, оқу сыныптары, демалыс және жаттығу бөлмелері көрсетілді. Ал саптық алаңда жауынгерлік және салтанатты киім үлгілері, әскери техника және әскери қызметшілердің түрлі қару-жарақтары көрсетілді. Көптеген қонақтар қарап қана қоймай, қаруды қолына алып жақын танысуға мүмкіндік алды.
Экскурсиядан кейін мерзімді қызмет сарбаздары жауынгерлік дағдылар мен машықтарын, заманауи қару-жарақ үлгілерін көрсете отырып, көрме қойылымдарын өткізді. Саптық алаңда сарбаздар гаубицаны атуға дайындау нормативін орындады, сондай-ақ бөлімшенің жауынгерлік қимылдарын көрсетті. Одан кейін қонақтарды АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу мен құрастыруды көздерін байлап орындаған жауынгерлер таң қалдырды.
— Біздің балаларымызды Отанымыздың мықты, нағыз қорғаушылары ретінде көру өте қуанышты. Осындай қысқа уақыт ішінде, сабақ және жаттығулар арқасында олар соншалықты көп білім алғаны, бізді таң қалдырды, — деп бөлісті сарбаздың анасы Гүлжан Аблаева.
Айта кетсек, іс-шараға 500-ден астам қонақ қатысып, ұйымдастыруға 200-ден астам әскери қызметші тартылып, 50-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.
Ашық есік күнінің соңында көрермендер алдында мерзімді қызмет сарбаздарынан құралған музыкалық ұжымдар мен бригаданың әскери оркестрі өнер көрсетті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзсарбаздарШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Жас патриоттар әскери ойындарға аттанды

Next Post

Органикалық өнімді таңдағанда неге мән беру қажет?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі