13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Түркістан көшесінен теміржолға дейінгі жолдың бір бөлігі жыл соңына дейін ашылады

13 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Түркістан көшесінен теміржолға дейінгі жолдың бір бөлігі жыл соңына дейін ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын арттырып, нысанды уақытында қолданысқа беруді бақылауды тапсырды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күре жолдың құрылысын бақылады. Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Жалпы Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Қазір мұнда жер төсемін салу жұмыстары атқарылуда. Құрылыстың 35%-ы пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын арттырып, нысанды уақытында қолданысқа беруді бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, қала әкімі Өтегенов көшесінің 1-кезеңі Шымкент Сити шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын тексерді. Бүгінде жол құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр, ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Нысанда алдымен автомобиль жолына жер негізін салу және тығыздау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-ші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды. 2-кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы — 1,2 шақырым, ені — 28 метр. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Қазіргі таңда жол негізін салу, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары, жаяу жүргіншілер жолын салу және суағарлар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс барысын ширатып, нысанды мерзімге сай жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Previous Post

Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Next Post

Шымкентте шомылуға тыйым салынған орындар бойынша рейд өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі