13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі оңалту орталығына Павлодар және Жамбыл облыстарының әлеуметтік сала басшылары келді

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі оңалту орталығына Павлодар және Жамбыл облыстарының әлеуметтік сала басшылары келді
Share on FacebookShare on Twitter

Олар сапар барысында шымкенттік әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысты. Бүгінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Қамқорлық” №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі болып отыр. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оңалту орталығына арнайы іссапармен Павлодар және Жамбыл облыстарының әлеуметтік сала басшылары келді.

Павлодар, Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшыларының орынбасарлары мен оңалту орталығының өкілдері сапар барысында шымкенттік әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысты. Алдағы уақытта «Қамқорлық» орталығының емдік оңалту шаралары мен әдістемелерін өз өңірлерінде жүзеге асыруды көздеп отыр. 110 орындық мекеме жартылай стационарлық негізде қызмет көрсетеді. Заманауи үлгіде жабдықталған орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген.
Балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балаларға логомассаж тағайындалды. Қызмет алушылармен сондай-ақ аптасына 2 күннен жеке жұмыс жүргізіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту шараларын жүргізеді. Бүгінгі таңда 18 педагог «АВА – терапевтерді даярлау» курсынан, 36 педагог қызметкер «АВА – терапияға кіріспе» курсынан өтіп, сертификатпен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, Шымкенттің өзінде аутизм спектрі бұзылған 220 – дан астам бала тіркелген. Осыған байланысты, дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай, елімізде алғаш рет Шымкентте «Аутизмі бар балаларға арналған» және “Қамқорлық” орталықтары қолданысқа берілді.

Previous Post

Шымкентте «Тюльпан» фильмінің көрсетілімі өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: Қарабастаулықтар қоғамдық келісімді қолдайды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі