Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары брифинг барысында мәлімдеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында 131 362 жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркелген/ Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Еркінбекұлы брифинг барысында мәлімдеді. Президентінің Жарлығына сәйкес, ҚР-да тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлығын 2024 жылдың 1-қаңтарына дейін ұзартылғаны барлығымызға белгілі. Алайда, жеке кәсіпкерлік қызметінің табысынан төленетін салықтан босату тұрғысында мораторий ұзартылмады. Яғни 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері айналым сомасынан салықтарды есептеп төленуі тиіс. Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2023 жылың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің қолданылуы жаңартылды. Осылайша, бөлшек салықтың АСР мынадай шарттарға сәйкес келетін: — салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын; — күнтізбелік жылдағы табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын; — осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратын салық төлеушілер қолдануға құқылы. Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы заңды тұлғалардың бөлшек салықтың АСР қолдануға құқығы жоқ. Бұл ретте, бөлшек салықтың АСР-ға ауысуы (аударымы) кез келген қолданылатын салық салу режимінен жүзеге асырылады. Бөлшек салықтың арнайы салық режиміне жататын тізбеге негізінен жеке тұлғалар үшін тауарларды сатуға және қызметтер көрсетуге 190 қызмет түрі кіреді. Бөлшек салық жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% мөлшерлеме бойынша төленеді. Бұл ретте, жергілікті мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету құқығы берілген, бірақ жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін 50%-дан аспайтындығы көрсетілген. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып саналады. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей тапсырылады. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.