13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Kundelik.kz: Шымкент «Алтын түйме» белгісін алтыншы рет иеленді

16 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Kundelik.kz: Шымкент «Алтын түйме» белгісін алтыншы рет иеленді
Share on FacebookShare on Twitter

«Алтын түйме» белгісі электрондық журналдарды сапалы және уақтылы толтыруы ескеріле отырып беріледі.

Шымкент қаласы биылғы оқу жылында да цифрлық білім беру үдерісінде республика бойынша көш бастады. Қалалық білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдары элекрондық журналды жүйелі толтыруы, мектеп мәзірінің сандық нұсқасын талапқа сай жүргізуі нәтижесінде осымен алтыншы рет «Алтын түйме» белгісін иеленіп отыр. Бұған дейін жергілікті білім ұйымдары «Алтын түйме» белгілеріне 2020-2021 оқу жылында – 2 рет, 2021-2022 жылында -2 рет және 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында ие болған еді. «Алтын түйме» белгісі Kundelik.kz жүйесіндегі мәліметтер негізінде білім ұйымдарының электрондық журналдарды сапалы және уақтылы толтыруы ескеріле отырып беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарындағы «Электрондық журналдар мен күнделік жүйесін енгізу» тапсырмасы бойынша Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты орта білім беретін ұйымдары 2016 жылдан аралас, 2020 жылдан бері толық бірыңғай Күнделік ЖШС ұсынған электронды журналына көшті. Қаладағы жалпы білім беру ұйымдары бағыныстылығына қарамастан толығымен «Kundelik.kz» электронды журналы мен күнделік жүйесімен жұмыс жасайды. Аталған электронды журнал педагогтердің қағазбастылық жұмысынан арылту және оқушылар мен олардың ата-аналарының кез-келген уақытта сабақ кестесін, бағалар тізімін, сабақ реттілігін көру үшін ашықтық мақсатында пайдаланылуда.

Күнделік электронды журналын жүргізуде жүйенің ұсынған қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен жаңа бағдарламаларына сәйкес және төтенше жағдай жарияланған кезеңде мұғалімдер мен оқушыларға жүйелі жұмыс жасауға жағдай жасалғандығын айтуға болады. Күнделік ЖШС-ның пайдаланушылары мұғалімдердің электронды журналы, оқушылардың электронды күнделігі, ата-аналарға арналған бақылау қызмет түрлері мен мобильді қосымшаларын, апта сайынғы талдау және есептілік жүйесін, КүнделікТрекер қызметін, пәндер бойынша дайын бейнесабақтарды қарау, онлайн сабақтарды ұйымдастыру үшін MS Teams платформасында бейнеконференцтер жасау жұмыстарын жүйелі, әрі ақысыз қолданып келеді. Күнделік электронды жүйесінде педагогтер журналды жүргізіп, оқушылар күнделіктері мен жүйедегі бейнесабақтарды көре алады, ал ата-аналар өз балаларының бағаларын, сабақ кестесі мен қатысуын бақылай алады.

Previous Post

Шымкентте әскери қызметшілер мамандық бойынша дайындықтан өтуде

Next Post

YOUTUBE АРНАСЫНДА «МЕКТЕП ONLINE» ЖОБАСЫ 50 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ҚАРАЛЫМ ЖИНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі