13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды

8 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Маханбетов Ғалымжанның төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Ведомствоаралық кеңесінің отырысы өткізіліп, онда 2022 жылы және 2023 жылдың өткен кезеңінде әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, азаматтарды мерзім әскери қызметке шақыру және аумақтық қорғаныс жұмысының жай-күйіне қатысты мәселелер талқыланды.
Кеңес отырысына әскери құқық қорғау органдарының басшылары, Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылары мен жауапты лауазымды тұлғалары, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінің, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.
Гарнизон әскери прокуроры өз сөзінде қатысушылардың назарын қылмыстың 14-тен 5-ке дейін төмендеуіне байланысты криминогендік жағдайдың оң динамиканы көрсетуіне, сондай-ақ жекелеген әскери органдардың құқықтық және әскери тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарды белсендіру қажеттілігіне аударды.
Отырыс барысында азаматтарды мерзім әскери қызметке шақыруды, жұмылдыру және аумақтық қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бөлек талқыланып, жергілікті әскери басқару органдарының басшылығына жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге орын алған проблемалық мәселелерді шешу жолдарын әзірлеуге нұсқау берілді.
Ведомствоаралық кеңестің нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, келесі өткізілетін кеңестің күні белгіленді.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоныәскери прокуратура
Previous Post

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 1 триллион теңгеге өсті

Next Post

Зейнет жасына толған отандастарымызға мақсатты хабарландыру жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі