13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында медицина қызметкерлері марапатталды

21 октября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында медицина қызметкерлері марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан облысында коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте болған 33 медицина қызметкері «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Төсбелгілерді табыс еткен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қауіпті індет жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Сіздер әлемдік пандемия қыспаққа алғанда алдыңғы шепке шығып, халықты қауіптен аман алып қалуға тікелей атсалыстыңыздар. Өз бастарыңызды тәуекелге тігіп, елдің амандығын алдыңғы орынға қойған сіздерді бүгінгі күннің батырлары десек жарасады. Біз осындай ынтымақ, бірлігімізбен және шынайы жанашырлығымызбен бұл сынақтан да сүрінбей өтетінімізге кәміл сенемін», -деді Сәкен Қалқаманов.

Қошеметке ие болғандардың бірі — Ленгір қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Шындос Әбдіқалықов. Адам жанының арашасы болып жүрген азамат індет өршіген кезде инфекциялық бөлімге жетекшілік етіп, тәулік бойы жұмыс орнынан табылған. Өзі де вирусты пневмонияға шалдығып, өкпесінің 80 пайызға жуығы зақымданған.

«Жансақтау бөліміне ауыр халде түстім. Оған еш өкінішім жоқ. Науқастарды емдеп, өмірлеріне араша болу дәрігерлік адал борышым, деп білемін. Алдағы уақытта да барымды салып, күресуге бармын. Қызметімізді елеп, қошемет көрсетіп жатқан облыс басшылығына алғысымды білдеремін», -дейді Шындос Әбдіқалықов.

Медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 3340 науқас толық жазылып шықты. Бірінші толқын кезеңінде COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға 6 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Келестік азаматтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Next Post

6000-ға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі