13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Халық алғысы» медалі табысталды

21 октября, 2020
in Қоғам
0
«Халық алғысы» медалі табысталды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2020 жылғы  14 қыркүйектегі № 412 Жарлығымен коронавирустық инфекциясының кең таралуының алдын-алу мақсатында аянбай еңбек еткен отандастарымызға арналған «Халық алғысы» медалі жарияланған болатын.
Осыған орай, бүгін Түркістан облысында төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, елеулі еңбегімен көзге түскен жандарға «Халық алғысы» медалі табысталды. Олардың арасында Үкіметтік емес ұйым мүшелері, облыстағы БАҚ саласының өкілдері, өнер адамдары мен волонтерлар бар. Марапатты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов табыстап, ел игілігі жолындағы еңбектері үшін алғысын білдірді.
«Сіздер, әлемдік пандемия қыспаққа алғанда алдыңғы шепке шығып, әбігерге түскен халықты қауіптен аман алып қалуға атсалыстыңыздар. Өз бастарын қатерге тігіп, елдің амандығын алдыңғы орынға қойған сіздерді бүгінгі күннің батырлары десек жарасады. Ауру ошақтарына арнайы барып, халықты жәдел әрі шынайы хабарлармен қамтамасыз етуде ақпарат саласы өкілдерінің еңбегі орасан зор болды. Сондай – ақ облыс, қалалар аумағындағы блок бекеттердегі қызметкерлерге қажетті заттарын жеткізіп, ыстық тамақтармен қамтып, карантин уақытында тұрмыстық қиыншылықтарға ұшыраған отбасыларға көмек көрсеткен қоғам белсенділері, еріктілер мен жастар нағыз жанашыр екендіктерін көрсете білді», — деген Сәкен Қалқаманов алдағы уақытта да жұмыла әрекет етуге шақырды.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Сайрамдық 17 мұқтаж отбасы баспаналы болды

Next Post

Келестік азаматтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі