13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Сарығаш қаласындағы Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағынан 5 қабатты 45 пәтерден тұратын 13 көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталған болатын.
Коммуналдық арендалық тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2018-2020 жылдары аралығында жүргізіліп, аяқталған.
Биыл жыл басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен бұл үйлерге арналған автономиялық кәріз жүйесін жүргізу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда толық инфрақұрылым мәселелері шешімін тауып, баспанаға кезекте тұрған мұқтаж азаматтар мен көпбалалы отбасыларға 585 пәтердің кілтін табыстау басталып кетті.
— «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, пәтерлер санаттар бойынша үлестіріліп жатыр. Олар: Ұлы Отан соғысының ардагері – 1, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 117, көпбалалы отбасыларға – 211, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына – 256 пәтер, — деді аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов.
Баспаналардың кілті 1 маусымнан бастап табысталып жатыр. Пәтерлер толық беріліп болған соң үй иелерімен келісім-шарт түзіліп, тиісті құжаттар рәсімделетін болады.
Tags: 13kz13кзСарыағаш ауданыТүркістан облысыТұрғын үй
Previous Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі