13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БАҚ өкілдеріне арналған байқау

8 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
БАҚ өкілдеріне арналған байқау
Share on FacebookShare on Twitter

Құрметті БАҚ өкілдері!

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында үздік журналисттік жұмыстарға байқау жарияланғанын хабарлаймыз.

Байқауға қатысуға Түркістан облысы бойынша барлық деңгейдегі БАҚ өкілдері шақырылады.

2023 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдерін, студиялық жазбалар, мақалалар мен сұхбаттар қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Ақпараттық агенттіктердің журналисттері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні — 2023 жылғы 17 маусым.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаян, 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауда келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады:

— Үздіктеле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттердің циклі;

— Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;

— Ақпараттық агенттіктердегі үздік жарияланым;

— Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;

Бір қатысушы Байқауға бір номинация бойынша ғана қатыса алады және сол номинацияға 3-тен аспайтын жұмысын ұсына алады.

Байқау бойынша толық ақпаратты ұйымдастырушы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасынан алуға болады.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ

ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАРҒА БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ӨТЕТІН

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында үздік журналисттік жұмыстар байқауын жариялайды.

Байқауға қатысу ережелері:

Байқауға баспа және электронды БАҚ-да 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап  1 маусымға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған материалдар (бағдарламалар, арнайы сюжеттер, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар) жарияланған немесе эфирге шыққан позитивті материалдар мен жарияланымдар және бағдарламалар циклдері қабылданады.

Байқау қатысушылары:

Байқауға ниет білдірген Түркістан облысының журналистер (оның ішінде, республикалық БАҚ-дың облыстағы меншікті тілшілері және штаттан тыс) шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар тікелей өздері немесе БАҚ редакциясының ұсынысы арқылы қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

— Үздіктеле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттердің циклі;

— Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;

— Ақпараттық агенттіктердегі үздік жарияланым;

— Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;

Бір қатысушы Байқауға бір номинация бойынша ғана қатыса алады және сол номинацияға 3-тен аспайтын жұмысын ұсына алады.

Мазмұнына қойылатын талаптар:

— Байқауға тек өзіндік материалдар, телесюжеттер ұсынылады. Конкурстық материалдар авторлық құқық, баспа, зияткерлік меншік туралы заңнама талаптарына сәйкес болуы қажет;

— Байқауға журналистік материалдар қабылданады (сараптамалық жарияланымдар, материалдар, очерктер, репортаждар, шолу және телесюжеттер);

— Байқауға қазақ, орыс тілдеріндегі материалдар ұсынылуы мүмкін;

— Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді;

— Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді;

— Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс;

— Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (CD/DVD дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс;

— Ақпараттық агенттіктердің журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Байқауға материалдарды ұсыну тәртібі:

Байқауға материалдар барлық номинациялар бойынша түпнұсқада немесе электрондық нұсқада а.ж. 17 маусымға дейін (байқаудың жұмыс тобының мекен-жайына: Түркістан қаласы, «Жаңа қала» шағын ауданы, 32 көше, «Басқармалар үйі», С блок, 232 кабинет немесе baikauturkistan2023@mail.ru электрондық поштасына) ұсынылуы тиіс.

Байқаудың қорытындыларын шығару:

Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылғы 20-23 маусым аралығында өтеді. Әр номинацияда бір жеңімпаз белгіленеді. Конкурс жеңімпаздары алғыс хаттармен (грамоталар) және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

Байқау комиссиясы қоғамдық даму басқармасының өкілдерінен және қоғам өкілдерінен тұрады.

Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі;

материалдың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.

Байқау комиссиясы жұмысының тәртібі

Комиссия құқылы:

— осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға;

— Байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.

Комиссия міндетті:

— Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;

— Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;

— Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.

Tags: 13kz13kz.kz13кзбайқауБАҚТүркістан облысы
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ 15 ТҰРҒЫН ҮЙДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі