13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА СЕМИНАР КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСТЫ

3 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА СЕМИНАР КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСТЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елорда төрінде 2 маусым күні Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің лицензиялау бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен білім саласының өзекті мәселелері жөніндегі семинар-кеңес өткізген болатын. Оған Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің лицензиялау бөлімнің қызметкерлеріде қатысты.
Семинар-кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық – эпидемиологиялық пен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комиеттерінің өкілдері қатысып, білім беру ұйымдарындағы талаптардың сақталуы бойынша өзекті сұрақтарға жауап берді.

Лицензиялау саласының мамандары барлық өңірде білім беру қызметін лицензиялау бойынша бірыңғай тәсілдерді қолдануды талқылады. Әріптестер бір бірімен мемлекеттік қызметті жүргізудің тиімділігін арттыру және одан әрі жақсарту мақсатында өз тәжірибелерімен алмасты.

Пікір алмасумен шектеліп қалмай мамандар Астананың Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School мекпеп-лицейіне бару арқылы білім берудегі жаңа инновацияларымен танысты.

Сонымен бірге департамент қызметкерлері Ұлттық бизнес пен инжиниринг мектебінде Гулмира Аманжолқызы Қорғанбаеваның «Көшбасшылық және тұлғалық даму» тренингіне қатысты.

Комитет ұйымдастырған іс-шаралар барлығының көңілінен шықты, мамандар оларды мазмұнды және пайдалы екеңдігі туралы көптеген пікірлер білдірді. Мұндай семинар-кеңестер алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Айта кетсек, бүгінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан балабақшаларды лицензиялау мәселесі жөнінде ақпараттар әлеуметтік желілерде жарияланып, түсіндірілуде. Лицензиялау мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына жағдай жасайды. Лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек. Мұндағы талаптар балабақшадағы жасалған жағдайдың сапасы, кадрларды іріктеу, бейнекамералар орнату, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау және басқа да талаптар.Сондай-ақ, лицензиялаудың басталуы 2024 жылға жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз, мектепке дейінгі ұйымдарға жұ¬мыс¬ты сапа стандарттарына сәй¬кестендіру үшін уақыт беріледі.

Балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Одан кейін қайта мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар, содан соң барлық жұмыс істеп тұрған ұйымдар лицензияланады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА 6 БАСПАНА СЫЙҒА ТАРТТЫ

Next Post

«KitapХАН@» ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі