13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМДА: БҮГІН №61 С.БАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ ЖАНЫНАН 300 ОРЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНЫСҚА БЕРІЛДІ

29 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМДА: БҮГІН №61 С.БАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ ЖАНЫНАН 300 ОРЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақсукент ауылдық округінде орналасқан №61 Сүйерхан Базарбаев атындағы негізгі орта мектебі жанынан 300 орындыққа арналған жаңа ғимарат ашылып, пайдаланысқа берілді.

2012 жылы 200 орындыққа арналған мектеп салынған ғимаратта 800-ден аса оқушы білім алды. Бала санының артуына байланысты, 2019 жылы мектепке 300 орындық қосымша құрылысы басталып, заманауи оқу кабинеттерімен жабдықталған ғимарат бүгін оқу жылының соңында ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы А.Әбдіқадіров, аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаева қатысты.

Бахытбек Сембекұлы:

— Білім саласы қашанда басты назарда. Ауданымызда 2022 жылы басталған 2 мектеп құрылысы жүргізілуде. Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен бірге №14 М.Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебінің қосымша құрылысы да іске қосылуға дайындалуда.

Аудандық білім мекемелерінің материалдық базасын жақсартуға қаржы қаралып, 21 заманауи пәндік кабинет жабдықталды.
Құрметті оқушылар жаңа мектепте терең білім нәрімен сусындап, оқу жылын жақсы аяқтауларыңа, жазғы демалысты сәтті өткізіп, білім мен тәрбие бойынша алдыңғы қатарлы мектептер қатарынан көрінулеріңізге тілектеспін.
Адам өміріндегі сарқылмас қазына — ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Сондықтан, осындай жаңа ғимаратта білім алып, әрқайсысыларыңыз үздік түлек атаныңыздар. Ел ертеңі Сіздерсіздер, қымбатты шәкірттер, қиялдарыңыз ұшқыр болып, қанаттарыңыз талмасын!

Осы оқу жылы біздің оқушыларға өз қабілеттері мен таланттарын көрсетуге мүмкіндік берсін деп тілеймін.

Құрметті ұстаздар, сіздердің қажырлы еңбектеріңізде зор денсаулық, шығармашылық шабыт, білім жолында жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!, — деген ізгі тілегін білдірді.
Мұнан кейін, балалардың ән-би өнерлерін тамашалаған басшылар ғимараттың ішін аралап, Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументін тұрғызған сәулетшілерінің бірі Сүйерхан Базарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолдарына арналған мұражай, бастауыш және оқу сынып бөлмелерімен танысты.

Previous Post

Түркістанда «АЙБЫН-2023» әскери-патриоттық сайысы өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: КІТАПҚА ҚҰШТАР ЖАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі