13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫС: БАЛАБАҚШАДА «ҚОШ БОЛ, ДАЯРЛЫҒЫМ!» АТТЫ ЕТЕҢГІЛІ ӨТТІ

4 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫС: БАЛАБАҚШАДА «ҚОШ БОЛ, ДАЯРЛЫҒЫМ!» АТТЫ ЕТЕҢГІЛІ ӨТТІ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек қателеспейміз.

«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі » мемлекеттік мекемесіне қарасты МКҚК «Балапан» бөбекжай- балабақшасының «Балдәурен» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерінің балабақшамен қоштасу «Қош бол, даярлығым!» ертеңгілігі болып өтті.

Басты мақсаты балалардың мерекелік көңіл — күйін қалыптастыру, балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту, көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру және бір жылда алған білімдерін тиянақтау, оқуға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Сондай ақ, көрнекілігі әсем безендіріліп, аула ойынға қажетті мектеп құрал — жабдықтарымен жабдықталған.

Қоштасу ертеңгілігін балабақшаның меңгерушісі Ж.Үмбетбаева бүлдіршіндерді құттықтап, өзінің жылы лебізімен ашып берді.

Бүлдіршіндер өздерінің ән, би, тақпақтарын жақсы орындап іс-шара жоғары дәрежеде өтті. Тәрбиешілері өздерінің шеберлігінің арқасында тәрбиеші жайында әндерін шырқап, келген қонақтар да дән риза болып қайтты.

Ата-аналар тәрбиешілерге ризашылығын өздерінің алғыс хатымен білдірді. Балабақшамен қоштасқан бүлдіршіндердің жалпы саны 19 бала мектеп табалдырығын аттағалы жатыр. Айта кетсек, балабақша тәрбиеленушілеріне мамандар «Step by step» технологиясын қолданған. Бұл елімізде кең таралған әдістердің бірі. Жалпы бұл ұғымның мағынасы тәй-тәй дегенді білдіреді. Яғни мектепке дейінгі ұйымдарда, бала-бақшалардағы бүлдіршіндердің жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру. Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатыса алады.

Previous Post

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ IT МЕКТЕБІ БІЛІКТІ ЖАСТАРДЫ ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН

Next Post

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫН» ТАРТУ ЕТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі