13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

29 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
«KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдың 29 мамыр күні «Фараб» әмбебап кітапханасында «KitapХАН@» облыстық жобасының ІІ айналымының финалдық кезеңі өтті. Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Төлімбеттің тікелей бастамасымен «KitapХАН@» кітап оқу жарысы «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық ұлттық жоба аясында өтті.

Мақсат – әр мектепті оқуға құштар мектепке айналдыру білім беру ұйымдарының педагогтері, колледж оқытушылары және ата-аналардың кітап оқу құштарлығын арттыру, оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту, кітап оқу мәдениетін терең қалыптастыру, шығармашыл әлеуетін арттыру.

Аталған іс-шараға Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Садықова Ардақ Мәдіханқызы қатысты. Сондай-ақ, атаулы шараға қонаққа арнайы Steppe&World баспасының директоры Раиса Сайранқызы, «Мазмұндама» баспасының директоры Теңіз Жұмабекұлы, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Болатұлы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сейітман келді.

Финалдық кезеңде қатысушылар белгілі ақын-жазушылардың еңбектерінен үзінді оқып, қоғамда кітап оқудың маңыздылығына ерекше мән берді. Ақтық мәреге Түркістан облысы бойынша 8 педагог, 4 оқушы іріктеуден өткен. Байқауға қатысушылар өздері оқыған кітаптарын 7 минутта қорғап, нәтижесін оқырманға жеткізді.

Жылдық қорытынды байқауда педагогтер арасынан Мақтаарал ауданы №14 колледж МКҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлім Бексұлтан Ержігітұлы «Жыл жеңімпазы — 2023», оқушылар арасынан Шардара ауданы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қыдырбек Алина Бектибекқызы «Жыл жеңімпазы — 2023» атанды.

Сонымен қатар, «Зерек оқырман», «Кітапқұмар оқырман», «Ұшқыр ойлы оқырман», «Зейін оқырман», «Оқуға құштар оқырман», «Рухани бай оқырман» атты номинациялармен марапатталды. Барша қатысушы 12 финалистерге «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» демеушілігімен құнды, бағалы сыйлықтар табысталды.

Кітап оқитын қоғам құрудың басты идеясы – адами құндылықтардан ажырамау. Кітап арқылы келешек ұрпаққа бүгініміз тарих болып жазылып, ертеңге мұра болып қалмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан обылысында 2021 жылдан бастап «KitapХАН@» кітап оқу жобасы бастау алды. Жоба облыстың білім беру ұйымдарының педагогтері, оқушылары және ата-аналар қауымының кітап оқу мәдениетін терең қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңға дейін жобаға педагогтер арасында 60 апталық, 15 айлық шығарылымдар, 5-10 сынып оқушылары арасында 33 апталық, 9 айлық шығарылымдар ZOOM платформасы арқылы фейсбук желісінде, орталықтың ютуб каналында тікелей көрсетіліп, таратылды.

«KitapХАН@» кітап оқу жобасы барысында екі жыл көлемінде жеңімпаздарға заманауи көркем әдебиеттерді сыйға беріп «Болат Өтемұратов» қоры, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры, «Мазмұндама», «Steppe and world» баспа үйлері қолдау көрсетуде.

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫ: «Заманауи педагог бейнесі» тақырыбында коучинг өтті

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТ: АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі