13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Коронавирус  инфекциясын анықтайтын жаңа зертхана ашылды

16 октября, 2020
in Денсаулық
0
Коронавирус  инфекциясын анықтайтын жаңа зертхана ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында коронавирус инфекциясының ықтимал белең алу жағдайлары ескеріле отырып, емдеу мекемелерінде жұмыс жоспары бекітілген. Жалпы, медициналық ұйымдарда 6000-ға жуық төсек орны қарастырылған. Облыстағы медициналық мекемелердің пандемияның болуы мүмкін екінші толқынына дайындық барысымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне арналып пресс-тур ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, аудан-қалалардағы ауруханалардың материалды-техникалық базасы жақсартылып, өкпені жасанды желдету аппараттар саны 65 пайызға артқан. Сонымен қатар, 80 оксиген аппараты алынып, оттегі концентраторларының саны 900 бірлікке жеткен. Бұдан өзге, аурухана аймақтарынан салынған оттегі станциялары екі есеге артқан.
Емдеу мекемесін толығымен оттегімен қамтамасыз ететін станцияның бірі Кентау қалалық орталық ауруханасында орнатылған. Аурухана жаңадан ашылған гемодиализ орталығы, компьютерлік томография, сандық рентген аппараты, жаңа үлгідегі УДЗ мен зертханалық диагностикалық аппараттарымен жабдықталған.
«Індеттің бірінші толқынында орын алған кемшіліктерді болдырмау үшін бүгінде барлық тиісті жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, 2-3 айға жететін ауруға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті деңгейде алынды. Енді облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметі жыл соңына дейін қосымша 120 көлікпен қамтылатын болады. Шалғай ауылдарға 12 жылжымалы медициналық кешен алынуда», – деді облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.
Сонымен қатар, Арыс қалалық орталық ауруханасында да Covid-19 инфекциясымен күрес жұмыстары қолға алынған. Медициналық ұйым жеке қорғаныс киімдері мен дәрі-дәрмектің екі айлық қорымен қамтамасыз етілген. Жансақтау бөлімінде 9 өкпені жасанды желдету аппараты, қосымша оттегі оксигенераторлары және басқа да қажетті медициналық құрал-жабдықтар орнатылған. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған 19 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде.
Ал Ордабасы аудандық орталық ауруханасында коронавирус инфекциясын анықтайтын зертхана іске қосылған. ПТР сынамасы бойынша анықтайтын зертхана тәулігіне 500-ге жуық тест қабылдауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта Арыс қаласы мен Бәйдібек аудандарынан сынама қабылдау жоспарлануда. Түркістан облысы бойынша мұндай 12 зертхана жұмыс істеуде. Сонымен қатар, ауданда ескі аурухана ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізіліп, 100 төсек орынды провизорлық, 10 орынды обсервациялық бөлім ашылған. Қазіргі таңда емдеу мекемесі жеке оттегі станциясы, 23 өкпені жасанды желдету аппаратымен жасақталған.
Айта кетейік, аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 3331 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия белең алғалы облыста Covid-19 инфекциясы расталған 3395 жағдай тіркелді. Олардың 2355-де ауру симптомсыз өткен.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте пәтер алаяғы ұсталды

Next Post

Түркістанда баспанаға сұраныс артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі