13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту жанданып келеді

14 октября, 2020
in Қоғам
0
Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту жанданып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Созақ ауданында төрт түліктің төресі — түйені көбейту қолға алынды. Облыс басшысы ойсыл қара тұқымын көбейту арқылы өзге өңірлермен бәсекелес болуға қауқарлы ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырған болатын. Осы мақсатта түйе түлігін асылдандыруға 2000-ға жуық түйе аналығы сатып алынды. Оның жартысы жеңілдетілген несие алу арқылы, қалғаны азаматтардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев ауданға арнайы жұмыс сапары барысында түйе шаруашылығымен айналысатын бірқатар шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты.

Созақ ауданында түйе шаруашылығының әлеуеті жоғары. Мәселен, өңір басшысы аялдаған Шолаққорған ауылында түйе шаруашылығын өркендетіп отырған «Бағдат» шаруа қожалығында 350 бас түйе бар. Шөлге шыдамды төрт түліктен көктем айларында 256 тонна түйе сүті «Golden Саmеl Group LTD» ЖШС зауытына өткізілген.

Ірі мал басын асылдандырумен айналысатын «Қанжарбек» шаруа қожалығында 110 бас мүйізді ірі қара, 1150 бас уақ мал мен жүзге жуық жылқы бар. Мал шаруашылығын дамытуда Созақ ауданы межелі табыстарға қол жеткізуде. Атап айтқанда, ауданда 40 мыңға жуық мүйізді ірі қара, 341 471 бас қой-ешкі малы мен 14 мыңға жуық түйе, 25 мыңнан астам құс өсірілуде. 2020 жылдың 8 айында 7 546,1 тн ет, 11 321,6 тн сүт, 2 129,7 мың дана жұмыртқа  өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі едәуір өскені байқалады.

Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары жасалынды. Жоспарға сәйкес, Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында биылға қосымша 3962 інген сатып алынып, соның нәтижесінде өндірілетін сүттің көлемін 14 250 тоннаға яғни 15%-ға арттыру жоспарланған.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте салық төлеуден жалтарғандар тексерілді

Next Post

Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуі де мүмкін - Министр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі