13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Аула чемпионаты» ойындары басталды

3 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Аула чемпионаты» ойындары басталды
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жеңімпаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Шымкент қаласында оқушылар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудандарда «Аула чемпионаты» ойындары басталды. Қазіргі таңда қалада жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына барлық мүмкіндіктер жасалынған. Яғни, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары спорт алаңшаларымен қамтылған.

Атап айтқанда, бес аудан бойынша 373 спорт алаңшалары бар. Маусым айында солардың ішіндегі 65 спорттық алаңшада «Аула чемпионаты» ойындары өтеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен сайыста балалар спорттың 7 түрінен – асық ату, ләңгі тебу,баскетбол добын торға түсіру, скакалкамен секіру, футбол қақпасын көздеу, гимнастикалық шеңбер айналдыру, турникке тартылудан сынға түсіп жатыр. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, аудан әкімдігі бірлесе ұйымдастыратын бұқаралық іс-шараға биыл 9 000-ға жуық баланы қамту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, үш жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Шымкент жастар лигасы» жобасының ІІІ — кезеңі өз мәресіне жетті. Финалдық ойындар қайта жаңғырып, реконструкцияланған «Металлург» стадионында өтті. Шымкенттің талай жылдық тарихына куә болған бұл стадионда жастардың спортпен алаңсыз айналысуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. «Шымкент жастар лигасы» жобасында футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Салтанатты шарада маусымның жеңімпаздары марапатталды. Әр спорт түрі бойынша чемпион командаларға демеушілердің қолдауымен алынған 20 миллион теңгенің 4 шағын автобусы табысталды.

Шахматтан — Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің, волейболдан — А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының, баскетболдан — М.Х.Дулати атындағы №8 гимназияның, ал, футболдан — Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының командалары лиганың чемпионы атанды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 30-ға жуық көше жарықтандырылады

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА 6 БАСПАНА СЫЙҒА ТАРТТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі