13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдейтін жобалар іске асырылады

3 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдейтін жобалар іске асырылады
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда аталған жобаларды шикізатпен қамтамасыз ету бойынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде. Шымкенте мұнай өңдеу өнімдерін өндіру бойынша 14 кәсіпорын жұмыс істейді. Солардың қатарында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» және «HILL Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС республикадағы мұнай өңдейтін үш зауыттың бірі. Ірі кәсіпорында автомобиль бензиндері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған газ, қыздырғыш мазут, вакуумдық газойл өндіріледі. Зауыттың өндірістік қуаты жаңғыртудан өткеннен кейін өнім көлемі ұлғайып, қазір жылына 6 миллион тонна мұнай өңдейді.

Мұнда қазір 1800-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Ал, «HILL Corporation» ЖШС майлау материалдарын өндірумен айналысады. Кәсіпорын моторлы, трансмиссиялық, компрессорлық, газ, турбиналық жағармай материалдарын және өзге де пластикалық майларды шығарады. Зауыт жылына 100 мың тонна майлау материалдарын, 28 мың тонна пайдаланылған майларды регенерациялауға және 1500 мың тонна майлау материалдары шығаруға қауқарлы. Кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар, алдағы 2023-2026 жылдары қала аумағында мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдейтін 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар: — «Hill Resources» ЖШС – негізгі майларды өндіру. Жоба құны 270 миллиард теңге, қуаттылығы — жылына 500 мың тонна мазутты қайта өңдеу; — «Алмэкс Полимер» ЖШС – ұнтақты полипропилен өндіру. Аталған жоба 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасына қосылды; — «Эколайф Астана» ЖШС құрамында мұнай бар және басқа да қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу. Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Жұлдыз» индустриялық аймағынан жер телімін алу бойынша инвестор тарапынан тиісті құжаттар ұсынылып, өңірлік үйлестірушілер кеңесінің оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда аталған жобаларды шикізатпен қамтамасыз ету бойынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде.

Previous Post

Биыл Шымкентте 500-ге жуық адамға мемлекеттік грант беріледі

Next Post

ШЫМКЕНТ: Аз қамтылған отбасыларға коммуналдық тұрғын үй көмегі төленеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі