13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 млрд теңге бөлінді

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 млрд теңге бөлінді
Share on FacebookShare on Twitter

Оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді. Үшінші мегаполисте ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Досқараев Айдын Еділханұлы брифинг барысында мәлімдеді. Бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Атап айтқанда, биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінді. Оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді.

Қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игерілетін болады. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы үш компанияның бірігуі арқылы ауылшаруашылығын дамыту бағытында нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда: — «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өз тарапынан инвестициялық жобаларды, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын кредиттеу, екінші деңгейлі банктерді (ЕДБ), микроқаржылық ұйымдарды (МҚҰ), лизингтік компанияларды қорландыру және сақтандыру саласындағы оператор рөлін атқарады; — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ микрокредит беруді жүзеге асырады; — «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Айта кетейік, 2001 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес құрылған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып саналады.

Корпорацияның негізігі мақсаты қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу. Қазақстан бойынша қызмет көрсететін 19 филиал бүгінгі күнге дейін 2,6 триллион теңгеге 271 мың ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жобаларды қаржыландырған. Қазіргі таңда компанияның активтері 1,1 триллион теңгені құрайды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 500 тонна жанар-жағармай бөлінді

Next Post

Шымкенттіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі