13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Халықаралық балалар күні»: Шымкентте жаңа спорт зал пайдалануға берілді

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
«Халықаралық балалар күні»: Шымкентте жаңа спорт зал пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Даңқты спортшылар жергілікті тұрғындарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, болашақ чемпиондар тәрбиелейтін орталыққа айналуына тілектерін білдірді.

Бүгін «1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі аясында Шымкент қаласы Еңбекші ауданында елімізге танымал боксшы, Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің спорт залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Спорттық нысанның ашылуына бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, бокстан әлем чемпиондары Махмұт Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев және т.б. белгілі спортшылар қатысты.

Даңқты спортшылар жергілікті тұрғындарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, болашақ чемпиондар тәрбиелейтін орталыққа айналуына тілектерін білдірді. – Балалардың спортқа деген ынтасы жоғары. Ата-аналар да оларды үнемі қолдайды. Жаттықтырушылар да жеткілікті. Осыған дейін Көксай елді мекенінде спорт залы болмаған. Сондықтан осындай спорт залын ашуды жөн көрдік. Ауданның балаларын бір орталыққа жинап, бокс, дзюдо, каратэ, таэквандодан жаттықтырсақ деген мақсатымыз бар, – дейді спортшы Еркебұлан Шыналиев.

Мерекелік кеште Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Жайлауұлы барша спортшыларды, тұрғындарды, балаларды мерекемен құттықтап, аталған залдан елдің абыройын әлемдік ареналарда асқақтатып, көк туымызды биіктен желбірететін мықты спортшылар тәрбиеленіп шыға берсін деген ізгі тілегін білдірді. Спорт зал «Даму бала» мемлекеттік жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында ашылып, мұнда балалар спорт түрлерімен тегін жаттығатын болады.

Айта кетейік, Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасып жатыр. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтуде. Өнер фестиваліне қаладағы қосымша білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары жиналып, 5 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша көрермендер балалардың шығармашылығын тамашалады. Мереке Шымкент қалалық және қуыршақ және жасөспірімдер театры әзірлеген «Қуыршақтар шеруімен», Шымкент қалалық зообағында жалғасын тапты.

Previous Post

Шымкентте спорт индустриясы дамып келеді

Next Post

ШЫМКЕНТ: «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі