13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Спорттық доданы Түркістан облысы білім басқармасы ұйымдастырды. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы демеушілік етті.

Байрақты бәсеке Сарыағаш ауданы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі базасында жоғары деңгейде өтті.

Басты мақсат- салауатты өмір салтын ұстанып, салалық спортты дамыту. Колледж қызметкерлері спорттың 5 түрімен сынға түсті (Волейбол ерлер/қыздар, үстел тениссі, тоғызқұмалақ, кіші футбол).

Жарысқа жалпы 809 педагогтар мен қызметкерлер қатысты.
Жалпы топтық есеп бойынша спартакиада нәтижесі:
I орын — Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі МКҚҚ;
ІI орын — Дінмұхаммед Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі МКҚҚ;
ІІІ орын — №21 Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі МКҚҚ.
Жеңімпаздарға Түркістан облысы білім басқармасының атынан сертификат, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының атынан мақтау қағаздары мен кубок берілді.

Айта кетсек, биыл Түркістан облысындағы арнаулы оқу орындары мен колледждерге мемлекет тарапынан 15300 грант бөлініп отыр. Бұл мәселе 2023-2024 жылы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу жөніндегі комиссия отырысында талқыланған еді.Өңірде 52 колледж бар. Мемлекеттік тапсырысты білім стандартарына әрі техникалық талаптары сай оқу орындары ғана алады. Түркістан облысында биылғы оқу жылы 30 мыңға жуық оқушы мектепті бітірсе, 42 мың оқушы 9-сыныпты тәмамдады.

Жалпы, биыл өндірісті дамыту мақсатында инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары үшін 8375 грант, ауыл, орман, балық шаруашылықтары және ветеринария саласына – 700, қызмет көрсету кадрларын даярлауға 1575 грант бөлу жоспарланған. Яғни, техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Білім саласы мамандарын даярлауға – 1100, өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 275, кәсіпкерлік басқару және құқық саласына –375, цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы үшін 1950 грант бөлу межеленіп отыр.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталады

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН СОЛТҮСТІККЕ КӨШІРУГЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ДА АТСАЛЫСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі