13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттің сот қызметкерлері келер ұрпаққа жолдау жазып қалдырды

7 октября, 2020
in Қоғам
0
Share on FacebookShare on Twitter

Қасиетті жұма күні Шымкенттің сот қызметкерлері қалаға қарасты Сайрам ауылының маңында бір игі іс атқарды. Нақтырақ айтсам, қалалық соттың ұйымдастыруымен «МӘРТӨБЕ тарихи кешенінде» сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, өткен ғасырларда Қазақ хандары мен билері жиын өткізіп, ел тағдырына қатысты шешімдер шығарған, «Жеті жарғыға» мөр басылған шежірелі Мәртөбенің Қазақстан тарихындағы орнын айшықтап, көпшілікке таныту мақсатында Рухани жаңғыру аясында тарихи шара өтті.
Оған қалалық соттың төрағасы Е.Рахымбеков пен кала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы, Билер кеңесінің мүшелері мен сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды қалалық соттың алқа төрағасы Е.Жанғазин ашып: «Өздеріңізге мәлім, былтыр 23 тамыз күні Конституция мерекесі қарсаңында киелі Мәртөбенің тарихтағы орнын айшықтау мақсатында Шымкент қалалық сотында «Қазақ дала парламентінің түп қазығы – МӘРТӨБЕ» атты конференция өткізген едік. Конференцияда зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар, заңгерлер қатысып баяндама жасаған болатын.
Конференцияны төраға Е.Рахымбеков қорытындылап, — «Тәуке хан «Жеті жарғыны» жазып, артына өшпестей із қалдырды. Билерден қалған тарихи-мәдени мұраны зерттеп, жас ұрпақтың санасына сіңіру үшін, қалалық сот алдағы уақытта Сіздермен бірлесіп, Мәртөбенің мәртебесін көтеруді жоспарлап отыр. Осы мақсатта Мәртөбеде басқосу барысында сот қызметкерлерінің атынан болашақ заңгерлерге жазылған Үндеуді капсулаға салып, кейінгі ұрпаққа қалдырсақ», — деген болатын.
Соған байланысты, бүгінгі жиынның мақсаты, көне Сайрам маңындағы тарихи орын Мәртөбеде болашақ заңгерлерге арналып «Келер ұрпаққа жолдау» жазылған капсуланы салу рәсімін салтанатты жағдайда атқару» — деді.
Алғаш болып сөйлеген Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, шараның маңыздылығына тоқталып, Мәртөбе – ел тарихында айрықша мәнге ие тарихи орын. «Мәртөбе – елдігіміздің мәртебесін, бірлігіміздің берекесін айшықтаған жер. Бұл аумақта Дала Парламентінің келелі жиындары өтіп, маңызды шешімдер қабылданғанын айтып өтті.
Жиында сөз алған қалалық соттың жанындағы Билер кеңесі орталығының жетекшісі А.Елшібаев: «Ата заңымыздың қалыптасып, жетілуіне ықпал еткен Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мәйегі мықты мемлекет құруға, оның құқықтық ережелері мен әдет-ғұрыптарын заңдастыруға айрықша үлес қосқанын және Билер сотының заман талабына сай дамып, ел билеудің өнегелі жолына айналғанын айтып жеткізді.
Одан кейін, мен қаладағы сот қызметкерлерінің болашақ заңгерлерге арнап «Келер ұрпаққа жолдауда» жазылған ақпаратты қатысушыларға баяндап бердім.
Іс-шараның соңында Е.Рахымбеков пен М.Әйтенов «Келер ұрпаққа жолдау» жазылған капсуланы арнайы орнатылған қондырғыға салып, үстін мрамор плитамен жапты.
Сот қызметкерлері осындай игі іс атқарып, Қазақтың тарихи Мәртөбесін көпшілкке насихаттап, болашақ заңгерлерге жолдауды аманат етті.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасының бағасы белгілі болды

Next Post

Түркістан тұрғындарына 50 мың теңдеген берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі