13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛЫП, РУХТЫ ОЯТАТЫН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

4 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛЫП,  РУХТЫ ОЯТАТЫН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан қаласындағы «Рәміздер алаңында» 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған қорытынды іс-шара өтті. Жүздеген адам жиналып, отаншылдықты дәріптеп, рәміздерді насихаттауға үлес қосты. Таңертең жүгіру марафонынан басталған мереке концерттік әрі рухани бағдарламаға ұласты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, Мемлекеттік Туы көтерілді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұртшылықты мерекемен құттықтады.
– Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рəміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1992 жылы, 4 маусымда еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілді. Халықаралық деңгейде мойындалды. Спортшыларымыз жеңіске жеткен сәттерді де Мемлекеттік ту желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің белгісі және ажырамас бөлігі. Еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бүкіл әлемге танытатын құндылықтар. Тәуелсіздікті сақтау, қадір-қасиетіне жету Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуден басталады. Түркістан өңірінде де рәміздерін айрықша қадірлейтін отаншыл жастар өсіп келеді. Әр азамат ұлттық құндылықтарға адал болып, мемлекеттің дамуына үлес қосуы тиіс. Көк туымыз бейбітшілік аспанында мәңгі желбіресін! Еліміз аман, мемлекетіміз қуатты болсын! – деді Дархан Сатыбалды.
Салтанатты жиында осы мерекеге арнайы өткізілген жүгіру марафонының жеңімпаздары марапатталды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілер Отанға адал қызмет етуге ант берді. Облысқа және республикаға танымал әншілер отаншылдыққа шақыратын әндер шырқады. Мерекелік жиын Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен»
әнімен қорытындыланды. Қолдарына Көк Туды желбіреткен Түркістан жұртшылығы айтулы мерекені жоғары деңгейде атап өтті.
Осы күні Түркістан қаласында және аудан, қалаларда велошерулер, автошерулер, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Көк туды желбіреткен Түркістан жұртшылығы, Әнұранды тебірене шырқады.
Tags: ҚР Рәміздер күні
Previous Post

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫН» ТАРТУ ЕТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі