13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда халықаралық «Музейлер күні» аталып өтті

19 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістанда халықаралық «Музейлер күні» аталып өтті
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін — Халықаралық музей күні. Осыған орай еліміздің барлық өңірінде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Түркістан облысында «Ұлы дала елі» орталығы «Ашық есік» күнін жариялап, келушілерді тегін қабылдады. Ол аз болса тіпті мерекелік көңіл күй қалыптастыру үшін «1000 бауырсақ» та таратылды. Бұдан өзге, халықаралық «Музейлер күні» кең көлемде аталып өтілді. Кешке келген барлық көрерменге бауырсақ үйлестіріп, дәм ұсынды.

Түркістанда «Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі орталығы» атты мерекелік кеш өтті. Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Ашық есік күні» және «Музей түні» акциясы аясында «Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі орталығы» атты мерекелік кеш өтті. Аталмыш шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, музей қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

«Әр мемлекеттің өркендеуіне, жалпы өркениеттің дамуына музейдің ықпалы зор. Музей – мәдениет пен тарихтың айнасы, өткен мен келешектің тоғысуы. Елдің рухани және материалдық байлығы. Қазіргі таңда Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты облыстағы 24 музейде 190 мыңдай экспонат бар. Өңірімізде осы салада игі істер атқарылып, ауқымды шаралар жоспарланған. Осынау айтулы күнде еңбектеріңізге табыс тілеймін», – деді Бейсен Дәулетұлы.

Шара барысында Түркістан қаласы мен Сауран ауданының өнерпаздары ән шырқап, би биледі. Таңнан бастау алған түрлі шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Атап айтсақ, облыстық «Farab» кітапханасы еліміздегі музейлер, ескерткіштер, тарихи нысандар жайлы кітаптардан «Музей – тарих пен тағылымның ордасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырып, Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар музей қонақтарына тылсым талантының қуатымен тарихты тірілтіп жүрген таңдаулы қолөнершілерінің бірі Абай Рысбаев арнайы шеберлік сағатын өткізді.

Атаулы мерекеге орай орталық қызметкерлері кешке келген барлық көрерменге бауырсақ үйлестіріп, дәм ұсынды. Жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен «Музей түні» акциясын облыстық «Жастар ресурстық орталығының» өнерпаздары қорытындылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Тазалығы сын көтермейтін мектептердің директорлары қызметтен кетуі мүмкін

Next Post

ТҮРКІСТАН: Отырар қалажұртында «Музей түні» өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі