Құрал Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінде мамыр айының 12 жұлдызында Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, тәрбие үдерісін ұйымдастыру, әкенің отбасындағы рөлін терең тану,жетілдіру және құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталған жиынға ата-аналар, 8-11 сынып оқушылары және мұғалімдер қатысты. Жиын барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы С. Бегманұлы- мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді.
Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты. Осы тұрғыда мектебімізде, оқушы , ұстаз, ата- ана ынтымақтастығы жүйелі түрде жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында , алуан түрлі бірлескен іс — шаралар барысында оқушы , ұстаз,ата- ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсатқа жету барысында алдымызға атқарылуға тиіс негізгі іс шараларды міндеттедік деп баса айтып өтті.
Сонымен қатар жиынға Әкелер кеңесінің төрағасы М. Сатаев бала тәрбиесіндегі ата-ананың басты орында және жоғары сынып ұл балаларының түнгі мезгілде көшеде жүруін, көлік тізгіндеуін қатаң қадағалау керектігін сөзге тиек етті. Мектеп психологі М. Сыздықбаева, ата-ана Ж. Кәдірбекұлы сөз алып, ой-пікірлерін ортаға салды.
«Ата-ана мен бала қарым-қатынасы» басты тақырып болып, баланы тәрбиелеуде және қалыптастыруда ата-ананың маңызы көрсетіліп, тәрбиедегі теріс жақтарды көре білуге үйретті. Сынып жетекші ретіндегі тәжірибесі мол екені жағымды, жайлы ахуал құра білгенінен де, мейірімді қарым-қатынасынан да, балаға жан жылулығын дарыта білгенінен де аңғарылып тұрды. Тақырып кеңінен ашылып, емін-еркін ойлар айтылды