Арыс қаласының білім бөліміне қарасты М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің 2003 жылы бітірген түлектері, өздері тәлім алған білім ордасына үлкен қуаныш сыйлап, қуантты. 20 жылдық түлектер мектеп ауласына брусчатка төсеп және 50 дана парта орындықтарымен сыйға тартып, демеушілік жасады. Білім алған алтын ұяларын ұмытпай, осындай игі іс жасаған азаматтарға, директор Д.Абилова мектеп ұжымы атынан алғыс білдірді.
Бұдан өзге, Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылы және Таукент кентіндегі қос бірдей мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернаты мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерін бітіргеніне 20 жыл болған түлектер жаңа баспана тарту етті.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков игі іске ұйытқы болған түлектерге жылы лебізін білдіріп, игі іске ұйытқы болған түлектерді арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
«Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Еселі еңбектерімен елдің құрметіне, көптің ыстық ықыласына бөлене білген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін»,- деді аудан басшысы.
Тарқата айтсақ, Шолаққорған ауылынан берілген жаңа үй асханамен және үйге қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі 15 сотықты құрайды. Арнайы шарбақпен қоршалып, қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Таукент ауылынан берілген баспанада қажетті жабдықтарымен қоса алынып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Айта кетейік, игі шараны қолға алған азаматтар үй егелерін өздері нақтылаған. Ал Шарадара ауданы Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» жалпы орта мектебін 2003 жылы бітірген 1986 жылғы 20 жылдық түлектер көпбалалы Марат Жүнісов деген азаматқа үш бөлмелі тұрғын үйді сыйға тартты.