13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «Әкелер мектебінің» маңыздылығын танытатын шара өтті

16 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «Әкелер мектебінің» маңыздылығын танытатын шара өтті
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында құрылған «Әкелер мектебінің» маңыздылығын таныту арқылы бала тәрбиесіндегі әкелердің жауапкершілігін арттыру, әке рөлін көтеруге бағытталған пікірталас алаңын құру және бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, шығармашылық қабілеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әкелермен өзара тәжірибе алмасу, ой бөлісу,отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттауда үздік тәжірибелер мен идеялар ұсыну мақсатында «Асқарым бар, өте биік «Әке» деген» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға Түркістан облыстық оқу бөлімінің әдіскері, ауданның Ардагерлер қоғамының төрағасы, аудандық Ақсақалдар қоғамының төрағасы, Әкелер мектебінің төрағасы, Ардагер, мұғалімдер төрағасы, «Созақ үні» газетінің Бас редакторы, ауданның әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі, Аудандық мәдениет үйінің кітапхана меңгерушілері, Ауыл әкімі, сондай-ақ ауданның бірқатар мектеп директорының тәрбие — ісі жөніндегі жөніндегі орынбасарлары және ардагер ұстаздар қатысты.
«Әке – бала үшін тау тұлға. Бала әкеге қарап өседі. Әр әке баласына уақыт бөліп, кеңесіп отырғаны дұрыс. Сонда баланың ой өрісі дұрыс қалыптасып, көңіл көкжиегі кеңейіп, кез-келген мәселеге жан-жақты қарауға ұмтылады. Өзі түзу ағаштың көлеңкесі еш уақытта қисық болмайды. Әке дұрыс тәрбие берсе, қоғамның дұрыс дамуына айтарлықтай үлес қосары анық»,- деді жиынға қатысушылар.
Семинар барысында іс-шараларды:

1. «Балаға үлгі болар әке бейнесі – әдебиет арнасында» RеаdXжобасы бойынша таныстырылым жасау — Арыстанбек Ақнұр
2. «Әке-алтын діңгек» сыр сұхбат — Жумадилова Дильноза, Орманов Шухрат
3. «Әкем және мен» «Startup» жобасы аясында — Асенова Айса, Ергешова Маърифат
4.» Заманауи қоғамдағы әкелер мен мектеп тәрбиесінің ынтымақтастығы» коучинг —
Жұбаева Айгүл,Ескерова Құндызай
5.» Әкешім-бәйтерегім» ашық тәрбие сағаты Қарабаева Аманқыз, Өменова Айзада, Сатыбалдиева Шакижамал
6. «Арқамда асқар тау боп сен тұрасың…» әдеби сазды кеш- Нұрбекова Гүлмира, Ергешова Гүлмира жүргізді.

Айта кетсек, Әкелер мектебін құрудағы мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру, тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда оқу орындарына көмек көрсету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға көмек көрсету және балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Previous Post

Шымкентте «Тарихтан тағылым» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Next Post

Келес:Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында педагог-психологтармен еркін форматта семинар өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі