13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Білім ошақтарында зұлматты жылдардың құрбандарын еске алуға арналған сынып сағаттары өтті

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Білім ошақтарында зұлматты жылдардың құрбандарын еске алуға арналған сынып сағаттары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

31 мамыр Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің және мектепішілік жоспарға сәйкес оқушыларға Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат бере отырып, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға, еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында 8 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен бабалар рухына тағзым етіп, Созақ ауылында орналасқан «Созақ қасіреті мемориалына» гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі-бәрі бүгінгі ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мәңгі есінде.Осыған орай, 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады.

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінде мамыр айының соңғы күні 31 мамыр — ‘’Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу’’ күніне орай, Жыныс елді мекеніндегі ескерткішке Таукент кентінің әкімі Маманов Серік және Таукент мешітінің бас имамы Мырзабеков Нұрғиса, “Болашақ” балабақшасының меңгерушісі Жәмиева Қарлығаш сонымен қатар, мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Оспанова Ғазиза, Бұлдыбаев Бекәділ, Бөденеев Нұрасыл және 10 сынып оқушыларының қатысуымен дүниеден өткен құрбандарға Құран бағышталды және баяндама оқылды. Іс-шараның мақсаты: жастардың санасына, келешек ұрпаққа дәуірдің қайшылықты болмысын жеткізу, қиыншылыққа ұшыраған адамдардың рухани төзімділікпен ертеңгі күнге деген сенімділігін ұғындыру. Өздері іргетасын қалаған қоғамның бет-бейнесін ашу болып табылады.

Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз жазаланды. Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 31 мамыр күні деп бекітілді. Мектебімізде барлық сыныптарда осынау зұлматты жылдардың құрбандарын еске алуға арналған сынып сағаттары өтілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН» МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 21 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі