13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ
Share on FacebookShare on Twitter

№1 Жетісай балалар өнер мектебі, мемлекеттік басшының айқындап берген бағдарына сай, жас ұрпақтың білімділік және өнер саласындағы қабілеттерін қоса дамытып келеді. Дарменшеева Айнұр Анарбекқызы басшылық жасап отырған өнер мектебі 2022-2023 оқу жылын қорытындылап, «Әсем саз жүректен жүреккке» атты есеп беру концертін өткізді.

Кеш барысында қазақтың халық туындыларымен қатар шетел композиторларының классикалық шығармалары орындалды. Әдемі мерекелік концертті өнер мектебінің өнерлі өрендерінен құралған «Әлқисса» ұлт аспаптар оркестірінің орындауындағы Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен бастау алып, Ө.Байділдаевтың «Туған ел», Т.Серіковтың «Дархан дала» әнімен жалғасын тапты.
Кеш барысында Н.Тілендіевтің «Құстар әні», А.Жұбановтың «Қарлығаш», сонымен қатар шетел композиторларының әндері шырқалып, домбыра, қобыз, баян, фортепиано аспабында классикалық шығармалар мен күмбірлеген күйлер орындалды.

Есеп беру концертінде облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Құрманбай Данияр, Өмірзақ Қазыбек, Айтбай Абылай. Керемет Бақытқызы және т.б. өнер көрсетті.
Концертке шәкірттерді музыкалық білімге баулып жүрген ұстаздар Сұлтан Сапаркулов, Айсара Алимова, Лаура Туренова, Сарсенкул Джолдыбаева, Қарлығаш Жайылғанова, Мәлік Шамсуллин, Құрманғазы Абдухаликов, Ғабит Қосан және т.б. қатысты.

Еске сала кетейік, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Мұндағы мақсат – Қазақстан бойынша өздеріңіз сияқты талантты, дарынды балаларға қолдау жасап, қоғамдағы ізгілікті адамдарының қатарына қосу. Түркістан облысында бұл шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Түркістан – еліміздегі ең бала саны көп өңір. Әрбір бесінші сәби Түркістан облысында дүниеге келеді. Былтыр Түркістан облысында «Балалар жылын» өткізу 7 бағытта жоспарланып, облыс көлемінде 83 іс-шара іске асырылды. Былтыр Қазығұрт ауданында 120 балаға арналған, Келес ауданында 320 балаға және Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған жаңадан оқушылар үйі ашылды. Түлкібас ауданы 150 балаға арналған «Өнер» мектебі, Түркістан қаласында заманауи техникамен жабдықталған оқушыларды шығармашылыққа үйрететін «Fablab» шеберханасы ашылды. Кентау, Арыс, Төлеби аудандарында дәл осындай шеберханалар ашылады.

Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында облыс оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте екі жыл қатарынан I орынға ие болды.

Previous Post

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ ЛЕНГІРДЕГІ АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КАБИНЕТТЕРІН ЖАБДЫҚТАП БЕРДІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі