13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 200-ден астам комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті

30 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары қолға алынды
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы бойынша квазимемлекеттік сектор ұйымдары, коммуналдық мемлекеттік мекемелері және жеке компанияларда 206 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда. Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен өңірдің комплаенс-офицерлерінің коучингі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалының директоры Әділет Нысанбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Инкай» БК» ЖШС комплаенс-офицері Дархан Шалбаев арнайы шақыртылды. Кездесу барысында спикерлер квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізудің негізгі тәжірибелерін жеткізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі жұмыстың ішкі процестері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар түсіндірілді.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ереженің бекітілгені туралы хабарлап, онда комплаенстің нақты мақсаттары, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері көрсетілгендігін айтты. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына түсіндірме беріліп, сондай-ақ ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді қызмет үшін үлгілік міндеттер қалыптастырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша квазимемлекеттік сектор ұйымдары, коммуналдық мемлекеттік мекемелері және жеке компанияларда 206 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда. Оның ішінде 3 мекемеде дербес комплаенс-қызметі («Shymkent» ӘКК» АҚ, «М. Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ) құрылып, 203 мекемеде комплаенс функциялары заңгер, басшының орынбасарлары және қосалқы бөлім қызметкерлеріне жүктелген.

Previous Post

Шымкентте оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары қолға алынды

Next Post

ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік және жекеменшік нысандарға тексеру жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі