13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарулы Күштер қатарына Шымкент жастарының соңғы легі аттанды

30 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Қарулы Күштер қатарына Шымкент жастарының соңғы легі аттанды
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі​ мәлімдеді. Қарулы Күштер қатарына Шымкент жастарының соңғы легі аттанды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету – әрбір жас қазақстандықтың міндеті. Осындай қағиданы ұстанған Шымкент қаласының 22 азаматы Қарулы күштер қатарына Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Болашақ сарбаздарды таңдау барысында денсаулығы мен алған мамандығы ескерілді. Мерзімді әскери қызметке шақыру медициналық комиссиялар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүзеге асырылды.

Денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары деп танылған Шымкент қаласының 22 азаматы Отар 40-шы әскери базасында орналасқан кіші мамандарды дайындайтын оқу орталығында борыштарын өтейтін болады. Аталған оқу орталығында алты ай ішінде сарбаздар мотоатқыштар, танктер, десанттық-шабуылдау әскерлері, артиллерия, теңіз жаяу әскерлері және әуе шабуылына қарсы қорғаныс үшін механик-жүргізуші және зеңбірекші-жауынгерлік машина операторларының мамандықтарын игереді. Оқу орталығын аяқтағаннан кейін әскери қызметшілер Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдеріне бөлініп, онда олар қызметін жалғастыратын болады.

— Бұл менің өз таңдауым. Себебі, өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз – ол Отан алдындағы борышын өтеу болса, менде оны орындауым керек. Сондықтан бүгін әскерге кетіп барамын. Өзімнің болашағымдыда әскери маман ретінде көремін, — дейді әскерге шақырулышы Мирас Тимурбаев. Бүгінгі таңда көктемгі шақыру науқаны аясында үшінші мегаполистен 18 бен 27 жас аралығындағы 250-ге жуық ер-азамат ҚР Қарулы Күштерінің қатарына шақырылды. Жалпы, көктемгі шақыру науқаны үшін Шымкенттен 900-ге жуық жас жігітті әскер қатарына шақыру жоспарланған.

Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары бүкіл ел бойынша құрлық, десанттық-шабуылдау және зымыран-артиллериялық әскерлерде мерзімді қызмет өткереді, ал инженерлік мамандықтары бар әскерге шақырылушылар көбінесе бейіні бойынша қызметті таңдайды. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Орталықтандырылған кітапхана қорында балалар әдебиеті 390 мыңнан асады

Next Post

Шымкенттегі «QAZALPACK» зауыты жылына 500 млн өнім өндіреді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі