13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 200-ден астам комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті

30 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 200-ден астам комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен өңірдің комплаенс-офицерлерінің коучингі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалының директоры Әділет Нысанбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Инкай» БК» ЖШС комплаенс-офицері Дархан Шалбаев арнайы шақыртылды.

Іс-шараның модераторы – Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев болды.

Кездесу барысында спикерлер квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізудің негізгі тәжірибелерін жеткізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі жұмыстың ішкі процестері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар түсіндірілді.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ереженің бекітілгені туралы хабарлап, онда комплаенстің нақты мақсаттары, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері көрсетілгендігін айтты.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына түсіндірме беріліп, сондай-ақ ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді қызмет үшін үлгілік міндеттер қалыптастырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша квазимемлекеттік сектор ұйымдары, коммуналдық мемлекеттік мекемелері және жеке компанияларда 206 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда.

Оның ішінде 3 мекемеде дербес комплаенс-қызметі («Shymkent» ӘКК» АҚ, «М. Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ) құрылып, 203 мекемеде комплаенс функциялары заңгер, басшының орынбасарлары және қосалқы бөлім қызметкерлеріне жүктелген.

Tags: 13kz13kz.kz13кзантикорсыбайлас жемқорлықШымкент
Previous Post

Биыл Шымкентте 6 елдімекен табиғи газбен қамтылады

Next Post

Облыс прокуроры Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыстағы өкілімен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі