13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

30 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Ауыл Аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба.
Осы мақсатта бүгін, «АMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ашылған ақпараттық қолдау орталығында «Ашық есік» күні өтті.
Аталған шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, аудандық партия филиалының төрағасы Алмас Әбдрахманұлы, Облыстық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Н.Жамалбеков және С.Ералиев, Сайрам аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Г.Байболов, «Ырыс» шағын несие ұйымының аймақтық сарапшысы Д.Ендібаев пен ауыл округі әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты.
Ашық есік күні аясында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы облыстық партия филиалы тарапынан атқарылып, жатқан жұмыстар мен алдағы атқарылар жұмыстарға тоқталып өтті. Барлық аудан, қалаларда арнайы кездесулер өткізіліп, «Ауыл аманаты» жобасы кеңінен түсіндіріліп, тұрғындарды толық ақпараттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Сондай ақ, ашық есік күні аясында қоғамдық қабылдау өткізіліп, «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» кооперативінің төрағасы А.Керимов пен Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын «Ауыл аманаты» жобасы бойынша сұрақтарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде Сайрам ауданы бойынша бұл бағдарламаның бірінші кезеңінде Ақбұлақ ауылдық округі Жібек-Жолы ауылдық округі ұсынылған.
Жоба аясында ауылдық округтерде скриниг жүргізіліп, нәтижесінде жалпы өсімдік шаруашлығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және өзге кәсіппен айналысуға Ақбұлақ және Жібек Жолы ауылдық округтерінен 244 (Ақбұлақ-121, Жібек-Жолы-123) тұрғынға (оның ішінде АӘК) алушы 70 азамат жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға қызығушылық танытқан.
Бүгінгі күнге Жібек Жолы ауылдық округінен «Қазақбай ДИЯ» кооперативі құрылып, кооператив құрамына кіріп несие алуға 60 азамат ниет білдіріп оның 21 азаматтың құжаттары жинақталуда. 10 азаматтың құжаты аудандық «Ырыс» микро қаржы ұйымына тапсырылып, кепілге қойылатын мүлікке аталмыш мекеменің облыстық филиалынан тәуелсіз бағалаушының келуі күтілуде.
Ал, Ақбұлақ ауылдық округі бойынша «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» кооперативі құрылып кооператив құрамына кіріп несие алуға 65 азамат ниет білдірген. Оның 35 азаматы құжаттарын жинақтауда.10 азаматтың құжаттары облыстық «Ырыс» МҚҰ ұсынылып 6 азаматтың жобалары облыстық комиссиядан өткен. 4 азаматтың құжаттары несие тарихының дұрыс болмауына байланысты және мал қорасы талапқа сай болмауына орай кері қайтарылған.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«AMANAT» партиясы«Ауыл аманаты»Түркістан облысы
Previous Post

Шымкентте 8 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Next Post

Биыл Шымкентте 6 елдімекен табиғи газбен қамтылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі